Бейбіт Атамқұлов: «Халықаралық авиамаршруттар саны 99-ға жетті»

Oinet.kz 22-10-2019 977

Картинки по запросу авиамаршрут

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов теміржолдар мен әуе рейстері және автокөлік жолдары туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта 1,4 мың км жаңа теміржол пайдалануға берілді: Жезқазған–Бейнеу (1040 км), Арқалық–Шұбаркөл (214 км), Боржақты–Ерсай (14 км) және Алматы-Шу (111 км) учаскесіндегі екінші жол. Орал, Петропавл, Алматы, Семей, Қостанай, Балқаш әуежайларында 6 ұшу-қону жолағы жаңғыртылды. Түркістан әуежайының жолағын жаңғыртуды биыл бастадық, бұл жоба жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасына өтеді. Халықаралық авиамаршруттар саны 99-ға жетіп, Гонконг, Токио, Ұланбатыр, Прага сияқты жаңа бағыттар ашылды. Ал Қытаймен шекарадағы терминалдардың жылдық өткізу қабілеті 40 миллион тоннаға артты. Бұдан бөлек, Ақтау портын кеңейтіп, Құрық портын салғаннан кейін Каспийдегі порт инфрақұрылымының жылдық қуаты 17,5 миллионнан 27 миллион тоннаға ұлғайды», – деді ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов. 

Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында халықаралық дәліздерді дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Министрдің айтуынша 2015 жылға дейін 8 357 км-ден 4 828 км жаңғыртылған, бұл негізінен Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1 882 км жұмыс аяқталды және 1 647 км құрылыс жұмыстары басталды, олар 2021 жылы аяқталады. 

«Жергілікті автожолдардың желісіне ерекше назар аударылды. Өткен 5 жылда облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарын дамытуға 590 млрд. теңге бөлінді (Республикалық бюджеттен (РБ) 260 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен (ЖБҚ 330 млрд.тг.) және 15 мың км жол жөнделді», – дейді Атамқұлов.

Қатбаев қашып жүр ме?
Түркістандық 50-ге тарта спортшы әлем чемпионатында бақ сынайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу