МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Том Леффлер Геннадий Головкиннің мексикалық боксшы Сауль Алвареспен үшінші жекпе-жегін қашанға жопарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sports.kz xабарлайды.
Қазір GGG жекпе-жектерін трансляциялайтын телеарнамен келісімшартқа отырған жоқ. Жарты ғасыр бойы бокс жекпе-жектерін трансляциялаумен айналысқан "НВО" арнасы енді боксты көрсетпейтін болған.
Головкин промоутерінің сөзінше, қазақстандық боксшы DAZN және ESPN арналарынан ұсыныс алыпты.
DAZN сервисімен "Канело" мен Эдди Хирн келісімшартқа отырған. Боксшылардың келіссөздерін жүргізіп жүрген Хирн Головкин DAZN-мен келісімшартқа отырған жағдайда ғана үшінші жекпе-жек болатынын ескерткен.
"Геннадийдің қай телеарнамен келісімшартқа отыратынын шешкен жоқпыз. Оған ең тиімді ұсынысты қарастырып жатырмыз", - деді Леффер.
Оның айтуынша, алдымен команда осы мәселені шешіп, сосын қарсыластарды қарастыра бастайды екен.
Головкиннің өкілі боксшының рингке 2019 жылдың наурызында немесе мамырында оралатынын мәлімдеді.
Альварес болса биылғы жылдың желтоқсанында Рокки Филдингпен жекпе-жек өткізеді, содан кейін келесі жылдың көктемінде тағы бір кездесуі бар екен.
Осы жекпе-жектерді өткізгеннен кейін ғана мексикандық спортшы қайтадан рингте Головкинмен жұдырық түйістіре алады.
Леффлер Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 2019 жылдың қыркүйек немесе желтоқсан айларында өтуі мүмкін екенін айтып өтті.