Емельяненко: «Нурмаганбетовке соққы техникасы жетіспейді»
Ресейлік боксер Александр Емельяненко әріптесі Хабиб Нурмагомедов пен американдық Дастин Порье арасында болған жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жеңіл салмақта өнер көрсеткен 30 жастағы Нурмагомедов үшін бұл жеңіс 28 шайқаста бағындырған 28-ші белесі болса,қарсыласы Порьенің мансабындағы бұл алтыншы жеңілісі.
Спортшыны жеңісімен құттықтаған Емельяненко өз парақшасында: «Хабиб - жарады. Хабиб - чемпион. Жекпе-жек оңай болмады. Әйтсе де шыдай білді», - деп әсерін жеткізді. сонымен қатар Емельяненко өзінің отандасына деген алаңдаушылығын да жасырмады. «Оның әлсіз тұсы - соққы техникасының жетіспеуінде. Мейвезермен жекпе-жекке түсу үшін оған соққы тактикасын дамыту қажет», - дей келе, боксерлік төзімділіктің маңызды екендігін де айтып өтті.
Видео мына сілтемеде.