Хабиб Нурмагамедов желіде ресейлік танымал актрисаны басып озды (фото)

Oinet.kz 26-10-2020

UFC тарихында бірде бір рет жеңіліп көрмеген Хабиб Нурмагамедов ресейліктер арасында Іnstagram желісінде оқырман жинау бойынша да көш бастап тұр, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Нурмагамедов әнші Ольга Бузованы оқырмандар саны бойынша басып озды. Бұған дейін шоу-бизнес өкілінің парақшасына 22,1 миллион оқырман жазылған болатын. Алайда Хабибтің Instagram парақшасына бір күннің ішінде 2,5 млн адам жазылып, қазіргі таңда оқырмандардың жалпы саны 24,4 миллионға жетіп отыр. Енді спортшының аккаунты Ресейдегі ең үлкен аудиториясы бар парақша болып отыр. Еске сала кетсек, Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңген болатын. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді. Осылайша америкалық Джастин Гэтжи UFC-де үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Бұған дейін ол 22 мәрте жеңіске жеткен, оның 19-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Оған қоса, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжимен өткізген жекпе-жегінен кейін спорттық мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеді. Сондай-ақ Хабиб Нурмагамедовтың аталған жекпе-жектен кейін қанша ақша тапқаны белгілі болды. Соңғы жекпе-жегінде Хабиб шамамен 6 миллион доллар тапқан. Бұл сомадан бөлек, ресейлікке жекпе-жек үшін бонустар, сондай-ақ жеке ақылы трансляциялар сатылымының пайызы және басқа демеушілік төлемдер төленген. Оның қарсыласы Джастин Гэтжи, британдық таблоид журналистерінің есебі бойынша, шамамен 400 мың доллар алады. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сабина Алтынбекова өзін жар еткісі келген Қуат Хамитовқа жауап берді
Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы - 1200 доллар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×