Сабина Алтынбекова өзін жар еткісі келген Қуат Хамитовқа жауап берді

Oinet.kz 26-10-2020 1015

Сабина Алтынбекова өзін жар еткісі келген Қуат Хамитовке жауап берді. Спортшы қыз әріптесінің бетін қайтарып тастады. 

image.png

Қазақстандық волейболшы ММА файтері Қуат Хамитовқа тұрмысқа шыққысы келмейді. Бұған дейін Қуат Хамиотов Сабина Алтынбекованы жар еткісі келетінін айтты. Арудың жүрегін жаулау оңайға соқпайтынын айтқан еді.

- Менің ұнататын қызым бар. Бұған дейінгі қарым-қатынастарым бір айдан арыға бармайтын. Әйелімнің ұзын бойлы, әдепті және кішіпейіл, иманды болғанын қалаймын. Ол мені таниды, өзі де спортшы, волейболмен айналысады, оның аты-Сабина Алтынбекова. Бұрындарын сөйлескенбіз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін біраз жүгіретін шығармын, - деді Хамитов.

Алайда спортшы қыздың Қуат Найманға көңілі жоқ. 

- Бұл не деген қитұрқылық?, - деді Алтынбекова.

2014 жылы Қытайда өткен волейболдан әлем чемпионатында Сабина турнирдің ең әдемі қатысушысы атанды. Бүгінде Сабина Қазақстандағы ең әдемі және табысты қалыңдықтардың бірі саналады. Қыз жеке өмірін жасырады, бірақ оның спорттық жетістіктері бәріне белгілі.

​Ресей Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға аянышпен қарайды
Хабиб Нурмагамедов желіде ресейлік танымал актрисаны басып озды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу