Қазақстан Бейжің Олимпиадасында құр алақан қалды

Oinet.kz 20-02-2022 1018

Screenshot_6.png

Ақ олимпиадада 19 ақпан күні  ұлттық құрамада соңғы болып Надежда Морозова өнер көрсетті. Алайда спортшы мәреге 14-ші болып келді. Осылайша  Қазақстан Қытайда өткен Қысқы Олимпиададан құр алақан қайтты. 

Надежда Морозованың күйеуі Дмитрий де Олимпиадада медальсыз қалды. Ол 19-шы болып мәре сызығын аттап, финалға өтпеді. 

Шаңғы марафонында Евгений Величко 43-ші болып мәреге келді. Ауа райы қолайсыз болғандықтан шаңғы марафонының арақашықтығы 30 шақырымға дейін қысқарған. 

Шорт-трекшілер ғана топ-6 құрамына ене алды. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахмет, Ольга Тихонова мен Яна Хан эстафетада 5-орынды иеленді. Ал 500 метрге жүгіруде Абзал Әжіғалиев 4-орын иеленген. Бұл құрамадағы үздік нәтижесі болып отыр. 

Осылайша Әжіғалиев 40 000 доллар, ал өзге шорт-трекшілер 10 000 доллардан алады. Олимпиаданың жабылу салтанаты ертең өтеді.

Қысқы Олимпиадада Норвегия үздік нәтиже көрсетті. Норвегиялық спортшылар 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медаль иеленген. Екінші орынға Германия, үшінші орынға АҚШ орналасты.


Қоржын неге бос?
Қанат Ислам кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңіліс тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу