Футболшы Елдос Ахметов алғаш рет әке атанды

Oinet.kz 24-07-2020 1536

Отандық танымал футболшы Елдос Ахметов алғаш рет әке атанды. Аяқдопшы мен оның жары ұлды болған, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Елдос Ахметов балалы болғанын Instagram парақшасы арқылы жария еткен. Футболшының жары оған маңдайы торсықтай ұл бала сыйлаған. Жас ата-ана тұңғышына Әли деген есімді берген. 

Желі қолданушылары жас жұбайларды қуанышты жаңалығымен шын жүректен құттықтап, кішкентай нәрестеге деген ақ тілегін жаудырған. 

"Бауы берік болсын! Әкесі секілді үлкен азамат болсын" , "Құттықтаймыз, балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер" , "Отбасыларыңыз көбейе берсін! Қазақ атын шығарар мықты футболшы болуды нәсіп етсін" , "Құтты болсын. Дені сау болсын" , "Бақытты болыңыздар, көз тимесін" , "Тәтті балапан қызығын көрсете берсін" , - деп жазуда көпшілік. 

Елдос Ахметовтың жары да өзінің парақшасында қуанышты жаңалықты хабарлап, аяғы ауыр болған кездегі ерекше фотосессиясының суреттерімен бөліскен.

Головкиннің бокстан кететіні рас па?
Ұлттық құраманың деңгейі өспей тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу