Жылдың үздік жаттықтырушысы - Мырзағали Айтжанов

Oinet.kz 12-12-2014 943

2012 жылдың үздік спортшысы - Мөлдір Әзімбай

Олимпиаданың бес дүркін чемпионы, аты әлемге әйгілі жерлесіміз Нелли Кимнің ізбасарын жұртшылық көптен күткен еді. Мөлдір Әзімбайдың спорттық гимнастикадан Лондон Олимпиадасының  жолдамасын жеңіп алған тұңғыш спортшы болуының өзі көп жайды аңғартады. Небәрі 17 жасында. Лондонда өнер көрсеткен қаршадай қыздың болашағы жарқын екенінде күмән жоқ. М.Әзімбайдың  Олимпиададағы өнері  атақты жерлесіміз Нелли Кимнің  де назарынан тыс қалмады. Журналистерге берген сұхбаттарының бірінде Н.Ким «әрине, 58-орын аса жоғары көрсеткіш емес. Бұдан да жақсы өнер көрсетуге болар еді. Бірақ, осының өзі үлкен жетістік. Ол әлемнің үздіктер тобына кіре алды. Тәжірибесінің аздығы шығар. Олимпиадаға дейін әлем кубоктарына қатысқаны жөн болар еді. Сонда төрешілердің көзіне жиі түсіп, осының өзі ұпайлардың жоғары болуына әсерін тигізуі мүмкін еді. Себебі төрешілер тек спорттық көрсеткіштерді бағалаумен шектелмейді» деп пікірін білдірді. 

image.png

2012 жылдың үздік жаттықтырушысы - Мырзағали Айтжанов 

Үздік жаттықтырушы номинациясында  Мырзағали Айтжанов топ жарды. Ұлттық құрама команданың бас бапкері қызметін абыроймен атқарып келе жатқан жерлесіміз республикалық бокс федерациясы басшылығының сенімін ақтағаны сөзсіз. Лондон Олимпиадасынан қомақты олжамен оралудың өзі не тұрады? Бұл спорт түріндегі бәсекелестіктің жыл санап артып келе жатқанын ескерсек, бұрынғы позициялардан айырылып қалмаудың өзі үлкен еңбек. Бірқатар танымал былғары қолғап шеберлерін тәрбиелеп шығарған Айтжановтың бапкерлік таланты жылдан жылға шыңдалып келе жатқаны күмәнсіз. 

Мұрағаттан, 27.12.2012 ж

Наурызды қайта жаңғыртқан қазақ елі
Бапкері Головкинді «жақсылықты білмейтін сараң» деп атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу