Ұжыммен сыйыспай жүрсіз бе?

Oinet.kz 27-09-2019 1198

kak-vlitsya-v-novyiy-kollektiv.jpg

Адам мінезмен көрікті болатыны рас. Алайда бес саусақ бірдей емес дегендей ортамызда еш жерге сыйыспайтын, адамдармен тіл табысып, жұғысып кете алмайтын жандар бар. Мәселен менің досым Ербол. Үш жылдың ішінде он шақты жұмыс орнын ауыстырған шығар. Мәселе оның білімі немесе сырт келбетінде емес. Тәп-тәуір бағдарламашы. Бар гәп оның өзімшілдік мінезінде. Ал топпен, ұжым ішінде өзімшілдік мінез сіздің ең басты жауыңыз болып саналады. Психолог мамандар осындай өзімшіл адамдарға көпшілікпен жұмыс жасау барысында мынадай кеңес береді. Бірінші: жалқы есімнен жалпы есімге көшіңіз. Яғни «мен» деуді қойып, «біз» ұғымына көшіңіз. Екінші: әріптестеріңізге сын айта берудің қажеті жоқ, керісінше әрдайым қолдау көрсетіңіз.   Қызмет барысында біреудің мүлт кеткенін көрсеңіз, кінәлауға көшпеңіз. Қатесін бетіне басып, «Мен қалай істеуді білемін» не «Олай емес, былай ететін адамсыз» деп сөкпей, «Қаласаңыз, мен сізге көмектесе аламын» деп жанашырлық танытқан жөн. Сондай-ақ  қателік сізден кетсе өзгелерден кешірім сұрай біліңіз және ұжымға жиі-жиі алғыс айтып тұрған абзал. 

Әр қызметкер осы қағидалармен жұмыс істесе ортада да, ұжымда да сыйлы болатыны анық.  

Жандос Бекмырза

Қыздарға арналған мешіттер көбейсе...
Бақытсыз Бханурекха Ганешан (Рехка)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу