Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Жігіттің жеті айыбы
Айбынын көктен құлатып,намысын жерге таптауы..
Ананы сыбап,мынаны,боқтықпен сөзін саптауы..
Қақтығысып қатынмен,ит-терісін басқа қаптауы..
Шындықтың шырылын,өтірікпен өлшеп жапқаны..
Жақсыны жат қып жанына,жамандық болса баққаны..
Ұмытып берген уəдесін,сертінен тайып қашқаны..
Дос пенен достың арасын сөз тасып,бұзып ашқаны..
Жігіттің жеті айбыны
Намысын толқын тулатып,айдыны асып тасқаны..
Елі мен тілін ұлықтап,ұлтының басын қосқаны..
Сенімін жардың арқалап, үкілеп үміт таққаны..
Ұлы мен қызын мəпелеп,отының шоғын жаққаны..
Арамдық ада жанынан,адалдық болса тапқаны..
Еліне қатер төнгенде,құрылар жауға қақпаны..
Сертіне серік,сөзі өткір,қылыштай қиса шапқаны..
Ұлдан Қойшықызы