Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бір күні бір бай кісі халық арасында жарыс жариялайды: бақыт сезімін қағаз бетіне түсіре алатын ең жақсы суретшіге мыңдаған ақша жүлде берілетін болады. Жарысқа көптеген суретші қатысады. Бірнеше апта бойы бір-бірінен өткен әдемі суреттер салынады. Жарыс соңында барлық жұмыстарды іріктеп болған соң, қазылар алқасы екі суреттен ең жақсысын таңдай алмай қиналып қалады:
Суреттердің бірінде тұнық бір көлдің суреті болды. Айнадай болғаны соншалық, көлдің бетіне айналасындағы таулардың бейнесі шағылып тұрды. Көлдің үстінде аппақ, мақтадай ақ бұлттар бар. Суретке кім қараса да, бірден «Қандай жарастық, тыныштық. Бақыт осы болар» деп ойлайды. Басқа суретте таулар салынған. Бірақ тік, күрделі таулар. Күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Тау бөктерінде сарқырама бар. Қысқасы сурет онша көңіл көтеретіндей емес-ті.
Бірақ бай кісі суретке қарап сарқыраманың қасында кішкентай құстың бейнесін көреді. Қасында құс ұясы да салынған екен. Кішкентай құс судың ортасына ұя салған. Бақыт пен ғанибеттің керемет үлгісі. Бірден жеңімпаз болып осы сурет атанды. Өйткені бақыт қиындық пен тапшылықтың болмаған жерде емес, барлық қиындыққа қарамастан, жүрегімізде жарастық таба білуде жатады.