Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Әрбір ата-ана соңымда саналы ұрпақ қалса, соның қуанышына тоймай жүре берсем деп армандайды. Әйтсе де қазір жасыратыны жоқ, жасөсіпірімдер арасында қылмыс жасау жиілеп барады. Адам баласының қылмыс жасау-жасамауы – тәрбиесіне, қоршаған ортасына байланысты. Осының бәрі баланың ата-ана назарынан, қамқорлығынан тыс қалғаннан деп ойлаймын. Ата-аналары балаларының қамы, күнкөрісімен таң атқаннан кешке дейін жұмыста болады. Бұл уақытта өз баласының немен айналысып жүргенінен мүлдем бейхабар.
Әрине, әрбір адам қателеседі. Қиыс қадам жасап жатады. Бірақ адам өмірден сабақ алып, екінші мәрте ондай жолға аяқ баспауы тиіс қой. Тараз қаласындағы ЖД 158/7 түзеу мекемесінде бірнеше жылға бас бостандығынан айырылған жастар жетерлік. Бір рет қателескенді түсінуге болатын шығар. Бірақ түрмеге бір емес, екі, үш мәрте аяқ басатындарды қалай ақтап аларсың? Ондай жастардың аналары «Не үшін? Не жаздым?» деумен өмірін өксітіп өтеді. «Құдай бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең -- ала бер» деп, атам қазақ осындайда айтқан шығар, сірә. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін неге шетелдің тәжірибесіне сүйеніп, елімізде онтайландыру орталықтарын ашпасқа. Сотталған азаматтарды еркін өмірге бейімдеуде осындай орталықтардың көп роль атқаратыны анық.
Сотталған адам бостандыққа шығып, қатесін мойындап, енді өзін қоғамның бір мүшесі сезініп жүргенде біз оны «отырып шыққан» деп, еңсесін басып тастаймыз. Өмірге адам болып келгеннен кейін қателік жасамауға ешкім кепілдік бере алмайды. Бәріміз пендеміз. Сондықтан да өмірден адасқан жандарға оң көзбен қарауға тырысуымыз керек. Адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады.
Сотталғандарды тәрбилеудің дұрыс жолы – оларды барынша жұмыспен қамтамасыз ету. Өз қателіктерін іштей түсініп, шынайы сезініп, өкініп жатса, өз кінәсін мойындаса онда әлі де кеш емес. Ондай жанның бойында адамға тән қасиеттері мен сезімдері сөнген жоқ деп ойлаймын. Біздің міндетіміз -- темір тордың арғы жағындағы жандарға рухани азық беріп, өмір жайында түсініктерін молайтып, жақсы өмірге қарай бейімдеу. Бұл бағытта біздің мекеменің қызметкерлері қолдарынан келгенше түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жүр.
А. Исақова,
Жамбыл облысы ЖД-158/7 мекемесінің инспектор-психологы, әділет аға лейтенанты