Домбыра маусымы басталды
12-04-2024
1. Анаңызға елу тал шоқ гүлін сыйлаңыз және мен "мені жақсы көрем" деп айтыңыз.
2. Қандай да бір шет тілде сөйлеуді үйреніңіз.
3. Түн ортасында теңіздің жағасында серуендеңіз.
4. Париж, Лондон секілді романтикалық қалалардың біріне қыдырып барыңыз.
5. Суретшіге өз портретіңізді салдырыңыз.
6. Киноға не болмаса моссовкаға түсіңіз.
7. Кімге болсын өз өміріңізді бастан аяқ айтып беріңіз. Еш өтіріксіз, бір бөлшегін де қалдырмастан баяндаңыз.
8. Өзіңізге пікір қабылдап үйреніңіз.
9. Биік жартастан парашютпен секіріп көріңіз.
10. Сөмкеңізді асыныңыз да, адам аяғы баспас жерге біраз уақытқа жоғалып кетіңіз.
11. Айға баратын жолаушылардың бірі болып тізімге жазылыңыз.
12. Жалтақтаусыз, еш себепсіз, есепсіз ғашық болыңыз.
13. Демалысыңызда тек жалғыз өзіңіз көптен барғыңыз келіп жүрген жерге тартып кетіңіз.
14. Көңілде жүрген ойларыңызды бірден қағазға түсіруге тырысыңыз.
15. Әдемі киініп, театрға барыңыз.
16. Теңіз жағасында өлең оқыңыз.
17. Мінезіңізді, жүріс - тұрысыңызды қалыптастыру үшін, жеке стиліңізді қалыптастырыңыз.
18. Кітап оқыңыз, аптасына екі кітаптан кем емес.
19. Жақын адамыңызға белгісіз хат жолдаңыз.
20. Смартфонды жиі қолданбаңыз. Күніне бір рет мүлдем өшіріп тастап, тынығыңыз.