«Тәубе кезегі келмеді ме?»
Ассалаумағалекум құрметті оқырман жамағат. Еліміздің тәуелсіздігін алғанына, әлемдік өркениеттігі өз орнын анықтауға бет алғанына да міне 23 жыл болды. Қазіргі таңда біздің қоғамда әлеуметтік топтардың ішінде ең әлсіз буын ол қазір біздің жастар. Олар: сенгіш, еліктегіш, сезімге тез берлгіш. Сондықтан болар дін атын жамылған дәстүрлі емес ағымдардың жетегінде кетуі орын алып жатады. Сол еліктегіш, сенгіш жастардың бірі мен. Бегайдаров Сағындық Амантайұлы 1988 жылы 2 желтоқсанда Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келдім. Менің балалық шағым қиын-қыстау кезінде Кеңес одағының ыдырауымен Қазақстан мемлекетінің туы көтеріліп егемендік ел деп жарияланып экономикалық тығырықтан шығып жатқан кез еді. Сондықтан балалық шағым қарапайымдылықпен, бар нәрсеге қанағат, шүкіршілікпен тәрбиелеген. Адекеновтар отбасында, нағашыларымның қолында тәлім-тәрбие алдым. Анам 1994 жылы науқастанып марқұм болған. Атырау қаласы 1995 жылы 1 қыркүйекте алғашқы рет мектеп табалдырығын аттадым. Аталмыш мектептің 2005 жылы 11 сыныбын бітіріп Атырау Политехникалық колледжіне «Экономика, есеп және аудит» мамандығына түстім. Аталмыш оқу орынды 2008 жылы бітіріп шықтым. Сол кездері араласатын жора-жолдастарым санаулы еді, қайда жүрсемде сол достарым маған жан-жақты қолдау көрсететін. Сол достарымның бірі әрі курстасым Асхат есімді бауырым еді. Сол Асхат есімді курстасым маған уағыз-насихат үнемі жасайтын. (Содан) дін негіздерін, ислам парыздарын түсіндіретін еді. Менің Ислам дініне қызығушылығым сол колледжде оқитын кезімде пайда болған. 2007 жылы Ислам дінін қабылдадым. Дінге қызығушылығым соншалық ислам дінін насихаттайтын мақалаларды оқып, аудио және бейне таспалардан, кітаптарды оқып ислам дінімен жақынырақ таныстым. Біраз уақыт өтіп жұма намаздарына қатысып, имамдардың оқыған құтпасын тыңдап әсер алатынмын. Ия, дін адамзаттың екі дүниеде де бақытты болуына жол көрсететін Жаратушы тарапынан жер бетіне пайғамбарлар арқылы жіберілген ереже қағидалардан тұратын жинынтық. Қазақ даласы Ислам нұрына шомылып тұрған өлке! Оны бәріміз білеміз жеріміз байтақ әрі бай, ал халқымыз қонақжай әрі мейірімді, төзімді, сабырлы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан мынадай керемет сөзі бар. «Аллаһ-хақ, Пайғамбарымыз-Мұхаммед (с.а.с) қасиетті кітабымыз-Құран, тегіміз түрік, дініміз Ислам» - деген Елбасы тамыры тереңде жатқан дәстүрлі дініміз турасында өз көзқарасын білдірді. Қазіргі таңда жастарымыз ата-бабаларымыздың ұстанған Ислам дініне бет бұрғанын, ислам құндылықтарын, парыздарын орындағаны бір қуаныш. Бірақ Еліміздің тәуелсіздіктің 23 жылында жымысқы мақсаттарын бүркемелеп, арамза пиғылымен енген діни ұйымдар мен ағымдар үшін осы өтпелі кезеңде қадағалудан тыс қалған әлеуметтік топ үгіт-насихат жүргізетін негізгі объектіге айналып, өлке тұрғындарын алдау мен арбауға түсіріп, еліктеп жапа шегіп үлгерді. Қазіргі таңда Қазақстанда соның ішінде Батыс өңірінде Атырауда, Ақтөбеде жастарымыздың имандылыққа келгеніне ол да бір қуанышты жағдай. Бірақ сырттан келіп жатқан діни миссионерлердің осы қазақ жастармыздың сана сенімін, ақида бағытын өзгерткен яғни уландырған. Сол сырттан ағылып келген миссионерлер біздің жастармыздың ойын, сенімін тұншықтырып дәстүрлі емес радикалды діни көзқарастарды насихаттауда. Қазіргі жастарымыздың дәстүрлі емес радикалды діни бағытқа өтуіне себептер бар. Бұл жастардың білімінің таяздығынан, діни сауаттылықтың жетіспеушілігінен асығыстық шешім қабылдағаны, қоғамнан алыстауы, біздің жастарымыздың қателіктері осы еді. Әр адасқан топтың өз кемшіліктері болады, сол кемшіліктердің бірі Үкімет заңына бағынбауы, намаз оқымаған адамды кәпір деп білу, намаз оқымайтын әке-шешелерінен безіп олармен қарым-қатынастарын үзу, намаз оқымайтын адамға «тәкфир» шығару. Енді осы адасқан ағымдардың, ислам атын жамылған кері ағымдардың бірі «Әт-тәкфирул уәл-хиджра» және өздерін «Ахлу сунна уал-жамағат» тобына жатқызатын ағым «Сәлафус солихин» (бұрынғылар жолы) жайында айтып өткім келеді. Тәкфиршілердің арабша аталуы – «ат-Тәкфир уал-хиджра» қазақша «тәкфир және хиджра», ат-Тәкфир және хиджра жамағаты өздерін ғана мұсылман, ал қалғандары кәпір санайды. Сондықтан, жамағаттың аты да өзіне сай тәкфир яғни, жамағаттан басқаларды кәпір дейтіндер және хиджрат яғни, басқалармен араласпайтындар деп аталады. Жамағаттың алғашқы идеологиясы Мысыр түрмелерінде өріс алып, соңынан бас бостандыққа шыққан мүшелерінің ой-пікірлерінен тұжырымдалады. Бұл ағым сенімдердің негізі хауариж ағымының тәкфир ұғымына құрылады.
Хауариж-ислам тарихында ең алғаш пайда болған кереғар ағым. Бұл ағымның мүшелері III Халифа Оспан бин Аффанды және IV халифа Әли бин Әбу Талибті қастандықпен өлтіргенін білеміз. Осы хауаридж ағымына жататын қарулы жихадты насихаттайтын топтың бірі неосәлафизм бұл жікшіл сепаратистік экстермистік ұйым екенін білеміз. Қазіргі таңда қарулы жихадты насихаттайтын өз ғалымдары радикалдық Ислам идеологиясының өз жаршылары бар. Қазақ жастарын олардың сана сенімдерін ақида көзқарастарын уландырып (ислам дінін) әртүрлі жолмен насихаттауда соның ішінде қазіргі заманның технологиясы (вертуалды интернет) ғаламтор арқылы мақалалар, үн парақтар арқылы насихаттауда. Мен де өз бетімше жасырып білім ізденіп, мешіт имамдарынан істеп жатқан амалым дұрыс па? Әлде бұрыс па? –деп сұрамадым. Тәкәппарлығым басым болып өзімнің істеген амалым дұрыс деген шешім қабылдадым. Қарулы жиһатты насихаттайтын Әбу Мұхаммад ал-Мақдиси, шейх ал Худайр ал-Худейр, Саид абу Саад, тағы басқа осы жоғарыда атап өткен адамдар Исламдағы жиһад жайлы бейне таспаларын көріп, үн парақтарын ғаламтордан көшіріп, кітапшаларын басып алатынмын. Саид Бурятский (Саид абу Саад) тың бейне таспаларды қарап жүргенімде менің қоғамға деген көзқарастарым өзгере бастады. Мен осы жолда жүре отырып Саид Бурятскидің «Книга аль-жиһад», «риядус солихин», «тальбисуль иблис» тағы басқа үнпарақтарды тыңдай отырып, арықарай осы жолда білім ізденіп Әбу Мұхаммед ал Мақдисидің «Милаяд Ибраһима» «Клянусь Аллахом ты в опасности», «Имарат Кавказ», «Степени идущих» атты еңбектерін оқып менің ақида сенімімді одан сайын арттырды. Аталмыш жоғарыда айтып өткендей мен осы екі адасқан ағымның етегінде жүрдім. Дінге деген құштарлығым артып білімнің таяздығынан діни сауаттылықтың жоқтығынан мен асығыстық шешімдер қабылдайтынмын. Себебі Құран аяттары мен пайғамбарымыздың хадистерін тікелей қабылдап, мен діни радикалдық бағыттағы қарулы жиһадшы, зорлық зомбылықты насихаттайтын «Ат-тәкфирул уал-хиджра» сепаратистік экстремистік ұйымының көзқарасында болдым.
Мен өз ойымнан, өз көзқарасымнан қайтпаған едім. Осы жамағатта бір жылдай жүрдім. Содан соң алты айдан соң мені ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ұстап қамауға 2012 жылдың 27 желтоқсанында Шам өлкелерінде орын алып жатқан қарулы жиһад тұжырымдарын насихаттағаным үшін Ұлттық қауіпсіздік органдары тарапынан қамауға алындым.
2012 жылы осы өңірде жіберген қателіктерім үшін, дәстүрлі емес бағыттағы исламды насихаттағаным үшін маған қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен ҚР-ның ҚК-нің 233 бабының 1 тармағымен 167 бабының 1 тармағымен алты жылға бас бостандығымнан айырылдым. Қазір мен Шымкент шахарындағы ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде жалпы режимде жазамды өтеп жатырмын. Осы түзеу мекемесінде жазамды өтей отырып Ислам дінін қамтыған кітаптарын оқып жүрмін. Әр апта сайын имам-теологтармен кездесу арқылы дәстүрлі діни көзқарас қалыптасты Ханафи мәзһабы бойынша сабақ алып, көкейімде жүрген сұрақтарға, ойларға жауап ала отырып олармен ой бөлісіп діни сауатымды арттырдым. Менің Ислам дініндегі жиһад турасында да түсінігім, көзқарасым Аллаға шүкір жақсы қалыптасқан. Жиһадты әр адам әр қалай түсінеді. Жиһад-араб тіліндегі «жуһд» түбірінен шыққан «белгілі бір мақсатқа жету үшін жігер күшін салу, күресу» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы: ақиқат үшін күресу, хақ дінге шақыру немесе Алла дінінің туын жоғары көтеру және дінді, жанды, отанды мал-мүлікті т.б. қорғау үшін малымен жанымен күресу. Исламда «Алла жолында жиһад ету» ұғымы кең көлемде қолданылады. Құранда жиһадқа байланысты аяттар бірнеше жерде келгенімен, оның барлығы қолға қару алып соғысқа аттану деген мағынада емес. Тек төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Жиһадтың дұрыс болу шарттары имамның мемлекет басшысының рұқсаты болуы тиіс. Шариғатта имамның мемлекет басшысының рұқсатынсыз соғысқа тыйым салынған. Имамға, мемлекет басшысына бойұсыну жайлы Алла Тағала «Әй мүминдер! Аллаға бойұсынып, пайғамбарға әріөздеріңнен болған әмір иелеріне бойұсыныңдар» (Ниса 59 аят).
Әбу Хурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Жиһад әрбір жақсы болсыннемесе жаман болсын басшымен бірге болу тиіс» (Әбу Дәуіт).
Сондықтан Қазақстан азаматтары Елбасының және діни басқарманың, сонымен қоса ата-ананың рұқсатынсыз сыртқа, басқа жерге жиһадқа аттануға болмайды. Сондықтан оқырман жұртшылығыма айтарым бұл өмірде тез арада шешім қабылдамаңдар. Бауырларыма, туысқандарыма, аға-інілеріме, жолдастарыма Ислам діні атын жамылған теріс кереғар адасқан жолға түсіп кетпеулерін ескертемін. Қазақстандық жұртшылыққа, жастарға айтарым өз беттерінше ғаламтордағы діни-саяси «қойыртпақтардан» білім іздемеңдер. Имам-теологтармен ақылдасыңыздар. Ия мен қателестім осы қателіктерімді түсіне отырып кереғар ағымдардың етегіне жүрген жастарға айтарым, Адаспайық бауырлар тәубеге келейік, қазақта даналық сөз бар. «Адамға ұл, Құдайға құл болайық» жастарымыз Алланы ауызға алып отырса, мұсылмандық бес парызын біліп, сол жолды ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Мұхаммед пайғамбарымыз салып кеткен оң жолдан алыстамайық ағайын.
ИЧ-167/3 мекемесінде
жазасын өтеп жатқан сотталған С. Бегайдаров,
Мұрағаттан, 2015 ж