Қасқырды қанша бақсаң да...

Oinet.kz 31-05-2019 2266

01-08-16-wolf23.jpg

         Жапонияны мекен ететін есек ара (шершень) жер бетіндегі қауіпті әрі улы жәндік. Адам өмріне қауіп төндіретін жәндікті жапондық қолға үйретіпті.  Есек ара енді оның үй жәндігіне айналған. Тіпті онымен серуендейтін де көрінеді. Микури оны кәдімгі көбелектің торымен ұстап алып,  уын алып тастаған. Ашушаң келетін жәндік кейде уының жоғына қарастан иесін шағады екен. Зерттеушілер бұл жігіттің ісін құптамай отыр. Себебі есек араны қолға үйрету мүмкін емес дейді және оның уы жоқ болғанның өзінде ол өлімге әкеліп соғардай шағуы әбден мүмкін деп отыр.  Ия қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды емес пе.

       Есек араның ең үлкені 5 сантиметрге дейін барады. Ұшу жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін жетеді. Ол адамды шаққан кезде уы бірден жүйке жүйелеріне әсер етеді. 

Күйеуінің өлі денесін құзғындарға тастамақ болған
Ақмарал Ноғайбаева, дәстүрлі әнші: «Тойдан әкелетін «тобықтайды» түн ортасына дейін күтетін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу