Пин-понг туралы қызықты деректер
Стол теннисін 1901 жылдан бастап «пинг-понг» деп атай бастады. Ал оған дейін оны әркім әрқалай атап жүрді. Мысалы «виф-ваф», «флим-флам», тіпті «госсима» деген жұмбақ атаумен атағандар да болды. «Пинг-понг» деген атауды Джон Джаквес есімді кісі ойлап тауып, авторлық құқықты өз атына жаздырып алған көрінеді. Джон бұл күлкілі атауды ойын барысында шыққан дыбыстардан алғандығымен түсіндірген. Яғни «пинг» - допты ракеткамен ұрған кезде, «понг» - доптың стол бетімен ұшып өткен сәтте шығатын дыбыс. Осылайша, жаңа атау көпшіліктің арасына тез тарап кетеді. Кейіннен Джон Джаквес авторлық құқығын ағайынды Паркерлерге сатып жібереді.
Уақыт өте келе стол теннисі кең таралған спорттық ойын түріне айналды. 1926 жылы стол теннисінің Халықаралық федерациясы құрылды. Ал 1988 жылы Сеулде пинг-понг олимпиадалық ойындардың тізіміне толықтай енгізілді.
Пинг-понг туралы тағы қызықты ақпаратты айта кетсек. 1880 жылдары ағылшындық ауқатты адамдардың бос уақытындані ермегіне айналған стол теннисі алғашында дәл қазіргідей қалыпта болған жоқ. Тым қарабайыр кейіпте - тордың орнына қатарласа тізілген кітаптарды қойған, ал шардың орнына шампан тығыны, ракетканың орнына темекі сауытын қолданған екен. Міне қызық!