Баян Алагөзова сіңлісі Ашаны КешYou тобына неге қабылдамады?

Oinet.kz 19-04-2019 1472

IMG_2701-2.jpg   

Продюсер Баян Алагөзова мен әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай нағашылы-жиен екені жұрта мәлім. Танымал продюсер осы уақытқа дейін жас қыздардың бағын ашып, өнер әлеміне жетелеп келді. Әйтсе де ол КешYou-ге Ашаны алмаған. Алагөзова мұның себебін "Еуразия" арнасының "Бір сұрақ" бағдарламасында айтып берді. 

   "Аша - өте талантты, керемет қыз. Бірақ КешYou-ге келмейтіні - бойы ұзын емес. Сол бір-ақ нәрсе. Бойы мен сияқты кішкентай", - деп түсіндірді Баян.

Аша  өз кезегінде нағашы әпкесіне ренжімейтінін айтып, сөзін растады.   "Иә, дәл солай. Бойым 157 сантиметр", - деді ол.

  Ағынан жарылған әнші өзіне мұндай таланттың нағашы және өз жұртынан дарығанын тілге тиек етті. "Нағашыларым өнерлі. Елдің алдында жүрген кісілер. Мақтан тұтамын. Дегенмен, әкем жағынан да дарын берілді. Әкем өте дарынды. Әжем де, атам да. Екі жақтан бірлесіп, Аша Матай деген керемет дүние шықты деп ойлаймын", - деп күлді ол.

Димаштың ерекше клипі ресейліктерді жылатты (видео)
Ақтөбелік жігіт Парижде өртенген шіркеуді қалпына келтіруге ақша аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу