Өмір туралы қанатты сөздер

Oinet.kz 06-09-2020 1482

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың.

Сен кетті екен деп өмір - өзен ағысын өзгертпейді. Д. А. Қонаев

Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады. Омар Хайям

Өмір — теңіз, тағдыр — кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.

Тағдырдың қожасы тағдыр, адам оның құлы.

Бір жақсы қасиетіңді толық көрсетуге жақсы қасиеттің көптігі кедергі келтіреді.

Өзінде барды өзгелерге бере алмайтын адам, өзгелерде барды көре алмайды.

Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.

Ештеңені жүрекке жақын қабылдама, жақын қабылдасаң, жадыңда ұстағың келеді, жадыңда ұстаған жаныңа ауыр тиеді.

Уақытты өлтіру үшін көздеудің де қажеті жоқ.

Өзгелерге пайдалы адам мәндірек, өзіне пайдалы адам ұзағырақ өмір сүреді.

Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.

Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі - өнегесі көп - ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.

Өмірде әр нәрседен хабарың болса да, адамның мінез - құлқын білмей кетесің.

Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық, оны кей пенде сезінеді, кей пенде сезінбейді. Тіршіліктің әр күнін бақыт деп сана.


Шыңғыс хан өсиеттері
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу