Жылқы төлінің атаулары

Oinet.kz 06-09-2020 1038

Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі.

Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.

Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.

aCZe3j7caZA.jpg

Арда – енесін екі жасқа дейін емген жылқы төлі.

Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.

Құнажын – екі жас пен үш жас аралығындағы ұрғашы жылқы.

Байтал – үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.

Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.

Сойтал – төрт жасқа шығар ұрғашы жылқы.

Бесті – бес жасар еркек жылқы.

Айғыр – үйірге түсетін аталық жылқы.

Сәурік – жаңадан үйір алған жас айғыр.

Саяқ – піштірілген тай, құнан, дөнен; үйірге қосылмай өз алдына бөлек жүретін тусыған бойдақ жылқылар; үйірден бөлініп, топтан шеттеген бірлі – жарымды бойдақ билер.

Қысырық – үйірге жаңадан қосылған, әлі құлындамаған жас бие.

Қулық – тұмаса құлындаған жас бие.

Бие – аналық жылқы.

Қасаба – көп жасаған мама бие.

Мама бие – үйірдегі кексе, өрбіген ұрпағы көп сақа бие.

Саба бие – қарны «жер сызған», көп құлындаған бие.

Бедеу бие – құлындамаған бие.

Наз бие - әсем жүрісті, көрікті жарау бие.

Ат – ақталған жылқы.

Мәстек – бой тұрқы тапал, кішкене жылық.

Қазанат – дене бітімі ірі, шымыр, мүсінді, құйма тұяқ, ұзақ жолға шыдамды ат.

Сәйгүлік – шашасына шаң жұқпаған жүйрік жылқы.

Саңлақ – ұшқыр, жүйрік ат.

Күйсіз - күлік (күлік - жүйрік) – бапсыз - ақ, әдейі жаратпай - ақ бәйгеден озып келетін жүйрік.

Арғымақ – дене бітімі аса келісті, сұлу, сымбатты, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.

Тұлпар – асыл тұқымды, аса төзімді, белді, жүйрік, батырлар мінген жылқы.

Жабы – қазақ жылқысының байырғы тұқымы.

Тумыш – арғымақ пен қазақы жылқының буданы.

Қарабайыр – арғымақ пен жабының буданы.

Пырақ – аңызда айтылатын қанатты ат.

Дүлдүл /ақ боз ат, ұрғашы/ – 1. аңыз бойынша Мұхамед пайғамбар мінген қасиетті ақ қашырдың атауы, кейде Әзірет Әлі мінген ат деп те түсіндіріледі.

2. ерекше жүйрік, айтулы тұлпар.

Суын – аңызда айтылатын су жылқысы.

Бұрақ /пырақ/ – аңыздағы Мұхамед пайғамбар мініп аспанға ұшқан ат

Ұмыт болып бара жатқан қазақтың салт – дәстүрлері
Хикая: Жігітіне жүрегін сыйлаған қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу