Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Қожамын деп қазақтарды ренжітіп алған әнші Әбдіжаппар Әлқожа аңадмай сөйлегені үшін бұған дейін халықтан кешірім сұраған болатын. Елдің өкпесі әлі де тарқамағанын сезген Әбдіжаппар "Қазағым сенің ғана ұлыңмын" деп халыққа жыр арнады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Инстаргамм парақшасында жарияланған мына шумақтар оқырмандардың қызу талқысына түсті.
"Қазағым сенің ғана ұланыңмын,
Өзіңсің қайырмасы мың әнімнің.
Тілгілеп ту сыртымнан жатқандарға,
Қасқайып қарсы қарап тұрар ұлмын.
Қағынып қанша мерген оқ атса да,
Қағынан жерімейтін құланыңмын".
Әбдіжаппардың ақындығын бірі жағымпаздық деп бағаласа, енді бірі қолдау білдіруде.