Қасиетті қара шаңыраққа - 85 жыл!

Oinet.kz 05-04-2019 1034

e2b5ab9985cb5bfa40516becf83d942d-896x342 (1).jpg

   Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі, сонау 1934 жылдың 15 қаңтарынан бастап ел мүдесі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Биыл сол қара шаңырақтың құрылғанына 85 жыл толды.

   Бүгінде ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды. Елбасы отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының алдына ғылыми әлеуетті арттыру мәселесін қойып отыр. Ғылыми әлеуетті дамыту – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40-тан аса жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Сондай-ақ заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әлемнің ең ірі 400-ден аса халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

    Қара шаңырақ оқу ордасы бүгінгі заман талабына жабдықталған бірден-бір оқу ордаларының бірі. Спорт, мәдениет, қоғамдық шаралар, ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы бойынша алдыңғы қатарда десек қателеспейміз.

   Соңғы жылдары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асыруда университетте көп жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға көтерілді. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ).

   Қазіргі таңда Елбасы Қазақстанның жоғары оқу орындарына әлемдегі ең үздік 200 ЖОО қатарына кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ әлемдік кеңістікте мойындалған еліміздің жетекші университеті ретінде осы маңызды мемлекеттік тапсырманы іске асыруда мақсатты жұмыс атқаруда. Біздің университеттің жақын болашақта бұл белесті бағындыруға ғылыми, оқу-методикалық және кадрлық потенциалы толық жететіндігіне біз – осы университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері толық сенімдіміз.

    Мерейтойлық жыл ҚазҰУ үшін халықаралық ауқымдағы маңызды оқиғаларға толы болмақ. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары деңгейдегі әлемдік үш маңызды ірі іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты QS World Wide-2019 дүниежүзілік көрме-конференциясы, Жібек жолы университеттері желісінің Бас Ассамблеясы және Әлеуметтік жауапкершілік университеттері әлемдік желісі үшін халықаралық Workshop. Мерекелік жылда ҚазҰУ-де білім мен ғылымның барлық салалары бойынша мыңға жуық академиялық топтардың көшбасшылары, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының басшылары мен әлемнің ең танымал ғалымдары бас қосады. Бұл ҚазҰУ-дің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің әлемдік биік көрсеткіші деп білеміз. 

  Туған университетімізді мерейлі мерекесімен құттықтап, алға қойған барлық міндеттерінің толық жүзеге асуын, мерекелі жылы толағай табыстарға жетуін тілейміз!

   Жасай бер ҚазҰУ – еліміздің білім беру саласының көшбасшысы!

Т.Н.Мухажанова, т.ғ.к, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

дүние жүзі тарихы, тарихнама және

деректану кафедрасының доценті,

Салима Үсенова, Айман Сайлаубек, 3-курс студенттері

«Жалғыз қызым бар»: Есен Елеукен отбасы жайлы айтты
Поляк қызына үйленіп, оған Бәтима деген ат берген Қажымұқан туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу