Көрінбей кеткен «Кешью»-дің экс-әншісінің аяғы ауыр болып шықты
Өткен жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Элизат Берікова көпшілікке жалаңаш кіндігін көрсетіп, басы дауға қалды. Аяғы ауыр ару Instagram парақшасында көпшіліктен болашақ нәрестесінің жынысын дәл табуды сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұрынғы әншінің жазбасына пікір қалдырғандар қатарында танымал өнер иелері де бар. Алайда көпшілік Элизаттың бұл суретіне сыни пікірді көп жазылған.
"Негізі босанбай жатып, ішін бүкіл елге көрсету дұрыс емес", "Қазіргі қыздарда ұят деген қалмаған-ау! Өкінішті", "Қайын жұртың, үлкендер бар. Иман қалмады ғой. Мынауың ұят! Не десең де, қазақпыз! Мұсылманбыз. Ұяттың не екенін ұмыттық-ау!". "Тіл-көз бар. Жүкті әйел сақтанып жүруі керек", "Шетелге еліктегенді қашан қоямыз", "Ұят екенін айтатын адам бар ма, өзі?!", "Жүкті кезінде ішін көрсету жақсы ырым емес", "Кім туылса да, дені сау болсын" деп жарыса жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Элизат Берікова өткен жылдың қазан айында жеті жыл кездескен жігітіне тұрмысқа шыққан болатын.