«Жаңа образым ұнамайды» - Салтанат Бақаева

Oinet.kz 25-02-2021 1294

Отандық танымал әнші, әрі актриса Салтанат Бақаева қалың көпшілікке өзінің ерекше образын көрсетіп, қызу талқыға түсті. Өнер иесін мұндай кейіпте көрмеген жанкүйерлер оның өзгерісіне таңғалуда, деп хабарлайды Oinet.kz тілішісі.

WhatsApp Image 2021-02-25 at 19.14.34.jpeg

Салтанат Бақаева өз Instagram парақшасында стиліне енгізген өзгерістерін көрсетіп, барша оқырмандарын таңғалдырды. 

- Ұнамайды сенің жаңа образың дейтін шығарсыздар. Шынымды айтсам өзім де қатты ұнатып тұрғаным жоқ. Бірақ Салтанат сізге жаңа образ керек деген соң келістім. Халық сіздің қазақи әндеріңізден шаршады, репертуарда жаңа бағытта ән болу керек деген ой айтты. Соны сіздерден сұрайын деп едім. Шынымен менің қазақи әндерімнен шаршадыңыздар ма?, деп Салтанат жанкүйерлеріне сұрақ қойды. Әнші бұрын-соңды болмаған образын жұртшылық назарына ұсынып, елден сөз естіп қалды. Алайда, ол халықтың мұндай әсерде болатынына дайын болмады. Желіде талқыға түскен суреттерге жазылған пікірге қарағанда, қалың көпшілік эстрада жұлдызының жаңа кейпін ұната қоймаған секілді.


Мейрамбек Бесбаев жарына өлең арнады (видео)
«Қазақ киносына қош келдің Авика» - Рамазан Амантай (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу