Өз тойында қалыңдық көз жұмды

Oinet.kz 10-09-2020 1044

Дағыстанда 23 жастағы бойжеткен той үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

image.png

Жергілікті Коммуникация қызметі басқармасының сайтында жария болған ақпаратқа сәйкес, қалыңдықтың өліміне той алдындағы қатты қобалжу себеп болған. 

Қайғылы жағдай Дағыстанның Мургук ауылында болған. Бойжеткен той алдында қатты толқып жүргендіктен дәрі ішіп алған. Өкінішке қарай, дәрінің еш көмегі болмай, оның жағдайы той үстінде нашарлап кеткен. 

Қалыңдық бірден жедел жәрдеммен емханаға жеткізіледі. Алайда оны құтқару мүмкін болмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот медициналық сараптама қалыңдықтың қазасына не себеп болғанын анықтауға тырысып жатыр. 

Mash Telegram-каналының ақпаратына сүйенсек 23 жастағы қалындықтың есімі Зареме болған. Бойжеткеннің жүрегі бала кезінен ауыратын болып шықты. Ол әжесіне кішкентайынан жүрегі ауыратынын айтып, шағымданып келіпті. Той алдында қатты алаңдаған қалыңдық есінен танып қалған. Туыстары дереу дәрі беріп, есін жинатқанымен, оның жағдайы жақсара қоймаған.

Заременің қан қысымы күрт түсіп кетіпті. Алдын ала болжам бойынша ол инсульттан көз жұмған.

Кішкентайымда зорланып, қазір тұрмысқа шығуға ұялып жүрмін
Онлайн саяхат жасауға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу