Неліктен Үндістанда әйел болып туылу қиын?

Oinet.kz 28-08-2020 1600

Үнді әйелі десе көз алдымызға романтикалық образ көлбең етеді. Боливудтық актрисалар секілді ашық реңті сари кию барша әйелге бұйыра бермейді. Барлық тақырыптың көлеңкелі тұсы болғандай, әйелдердің қоғамдық картинасы да салғырттық құрсауында қалған тұс бар. Үнді әлеуметтік желілерінде этикадан тыс арт жоба кеңінен тарағаны назар аудартты. Әйел құқығын үнді киелі жануары «сиырмен» салыстырған. 

image.png

Үнді мәдениетінде әйелдердің екі типі бар: қасиетті ана образы немесе бағынышты (перзент, жар) образы бар. Отбасы, ошақ қасындағы әйелдердің тұрмыстық зорлыққа ұшырау деңгейі жоғары. Әлемге үні жоқ әйелдердің басындағы тауқыметін айтуға да құзіреті жоқтай. 

Өзін-өзі өртеу

image.png

Үнділерде «сати» немесе «деуанагари» деген оғаш әдет бар. Тұрмыстағы әйел күйеуі өлгеннен кейін де оны бақытты етуі және оның күнәларынан тазаруына көмекші болуы керек- мыс. Сондықтан жесір әйелдің өз-өзіне қол жұмсауы күтіледі. Көбінесе жесір атанған әйел өлген күйеуімен бірге өртеледі. 

Бабур империясының патшалары «сати» әдетін жоюмен күрескен. Хумаюн шах бұны жасаушыларға салық төлеткен. Әкбар шах әйелге ойлану уақытын берген. Шах Жиһан баласы бар жесір әйелдер үшін сатиге тыйым салған. Ал Евренгзиб шах болса 1663 жылы қызметкерлеріне сатиге бөгет болу әмірін берген. Бірақ сати бәрібір жасырын түрде жасалатын. 1987 жылы заң енгізілсе де Ражастанда әлі күнге дейін кездесуде. Үндістанда әліге дейін  "Сати" дәстүрі орындалады. Ежелгі Савитри эпосының кейіпкері күйеуін өте жақсы көріп, ері қаза тапқан соң өзін өртейді.  Бұл әрекет "Сати" деп алталатын қатал дәстүрге арқау болады. Бұл жөнінде Боливуд киноиндустриясы бірнеше фильм түсірген. 

Қаншама айыптау, қынжыл Үнді мәдениетінің қатқан сеңдей «жабайы» тұстарын өзгерте алар емес. Өркениеттен алыс, елдің шалғай аймақтары ғұрыптан бас тартар емес. Күйзеліс, қорқыныш, туыстарының мәжбүрлеуі қаншама әйелдің жанын қиюда..

Фемицид

image.png

Үндістанда Фемицид (әйел нәрестесі немесе жаңа туған қыздарды өлтіру) ғасырлар бойы бүгінге дейін қолданылып келеді. Рас, нәрестелерді өлтіру жоқ, өйткені селективті түсік түсіру мүмкіндігі пайда болды. Фемицидтің пайда болуының көптеген себептері бар: бұл жалпы кедейлік және ерлер айналысатын ауыр физикалық еңбекке деген қажеттілік және қалыңдықтың ата-анасы күйеу баласының отбасына көп мөлшерде салық төлеуге міндеті. Сати сияқты, фемицидке британдық билік кезінде де тыйым салғанына қарамастан, ол ұзақ уақыт бойы Үндістанның басты әлеуметтік мәселелерінің бірі болып қала берді.

Даури

image.png

Даури – ғұрпы қалыңдықтың отбасы күйеу жігіттің отбасына салық төлейтін дәстүр. Бұл фактор үнді қоғамындаеғы әйелді ауыртпалық деп санауына түрткі болатын жағдаяттың бірі. Қыздың отбасы күйеу жігітке ақшамен және "сыйлықтармен" салық төлейді. Тіпті жылжымайтын мүлік, машиналар, зергерлік бұйымдар және қымбат тұрмыстық техника беретіндер бар. Дауриға 1961 жылы ресми түрде тыйым салынды. Дегенмен пайданы кім жеккөрсін? Үнділердің бұл салттан бас тартуы әлі де кең етек алған. 

Даури жүйесі ер адамдар әйелдерге қарағанда құнды және туа біткен артықшылықтарға ие деген идеяны қолдайды. Ол Үндістанның бүкіл матримониальды жүйесіне енеді-бұл әсіресе әйелге абсурдтық талаптар қойылған кезде қалыңдықты іздеуде байқалады: білімі, таланты, тері түсі және ықтимал жұбайының келбеті бағаланады. Ең жақсы қалыңдық-үйлену тойынан кейін жұмыс істемеуге, тек үй шаруашылығымен және балалармен айналысуға уәде беретін қалыңдық.

Болливуд және стереотиптер

image.png

Біздің қоғамда да әдемі қызды көрсе жанынан әндетіп өтетін «сабаздар» табылады. Бұл да ерсілі-қарсылы жүрген адамдарға мән бермей әндетіп кететін болливуд джентельмендерінен сіңген хәл. Болливудтың арқасында көшедегі зорлық-зомбылық үнді қоғамында қалыпты болып саналады.

Батыс құндылықтары

image.png

Үндістанда 2012 жылғы шеруде Делидегі топтық зорлау оқиғасынан кейін елдің ең ірі діни жетекшілерінің бірі Асарам Бапу осылай деді:

"Жәбірленуші де зорлаушылардан артық емес. Ол да кінәлі. Автобусқа отырып, көшеге еркін шығып, киноға жалғыз бару -  қылмысқа жол беру. Әйел адамдар отбасындағы ер адамдарға тәуелді болуы тиіс".

"Әйелдер көшелерде ер адамдармен туыстық қатынассыз араласпауы керек. Мұндай жағдайлар батыс мәдениеті мен киім стилінің әсерінің нәтижесі", — деді оңшыл саяси партияның жетекшісі Раштрия Сваямсевак Сангх Мохан Бхагуот. Үнді қоғамы шыққан шиді «батысқа еліктеуден» көреді. Дәстүрдің көлеңкелі тұстарын ешқашан кінәлі деп білмейді. Жаңа танымға комплекспен қарайды. 

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әйелім өліп, панасыз қалдым
Талдықорғандық жұп үйленейін деген сәтте қаза болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу