Уолт Диснейдің шынайы бейнесі қандай?

Oinet.kz 18-08-2020 1193

Уолт Дисней студиясында көптеген танымал мультфильмдер жасалды. Бірақ Диснейдің өзі, жақындарының пікірінше, барлық жан ойлағандай «жақсы» адам емес. 

Ауыр естеліктер көмкерген  балалық шақ

image.png

Біз Уолт Дисней деп білетін тұлғаның толық ныспысы  Уолтер Элиас Дисней. Ол 1901 жылы 5 желтоқсанда Чикагода дүниеге келген.  Балалық шағын алдымен Миссури штатында, содан кейін Канзас-Ситиде өткізген. Оның үш ағасы болды: Герберт, Раймонд, Рой. Әкесінің психологиясындағы ерекшелікке байланысты балаларын ойламаған жерден жазалап, қорлайтын еді. Бұл фактор мультипликатордың өмірінде көлеңкелі  із қалдырды. Байқасаңыз Уолтердің мультфильмдерінің сценарийінде толық бақытты отбасы жоқ. Ата-ана мен бала қарым-қатынасының барлық проблемалары бүкпесіз көрсетіледі. Уолт 8 жасқа толғанда, әкесі оған жұмыс істете бастайды. Баласы әкесіне тиесілі фирманың хаттары мен жарнамаларын тарататын: кез келген ауа райында, жаңбырда да, қарда да, таңертең және қараңғы түнде де қисайып кеткен бәтеңкесімен Уолт көше аралап, почтаны дер кезінде жеткізу үшін жүгіріп жүретін. Уолттың тапқан бар ақшасын әкесі алып отыратын. Алайда, Уолттың тауы шағылмады: ол жай ғана әкесі талап еткен жұмысын екі есе істей отырып, қатал «бастығынан» жасырын түрде нормадан тыс тапқан күнделікті ақшасын алып қалып отырды.

image.png

Диснейдің туу туралы куәлігінде  оның біз білгеннен 10 жасқа үлкен екенін аңғаруға болады.  Бұл фактке ұзақ уақыт бойы ешкім назар аудармады. Уолттың өзі бұл мәселені адамдарға түсіндіруге тырысты. Тіпті ол заңсыз тұлға ретінде  күдікке ілінді. Бірақ бұл нұсқа расталмады.

Уолт 14 жасынан бастап газет таратушысы болып жұмыс істеді.  Соғыс кезінде майданға ерікті болып, Францияда "Қызыл Крест" санитарлық машиналарын жүргізді.

АҚШ - қа оралғанда Уолт Дисней жәрмеңкелерде жұмыс істейді. Кейіннен жарнамалық фотосуреттер түсуді қолға алды. Ол 1920 жылы жарнама агенттігінде жұмыс істеді. Көп ұзамай Канзас-Ситиде өзінің кішкентай «Laugh-O-Grams» студиясын ашты.Өкінішке орай, студия қысқа уақытта өртеніп кетті. Дисней карьерасының өркендеуінен еш үміт үзбеді. Асқақ жоспар жетегінде Голливудқа қоныс аударды.  Онда 1923 жылы ол бүкіл әлемге әйгілі жаңа студия құрды.

Жұмыстағы проблема

image.png

Уолт Дисней талай балалардың қиялына қанат бітіріп, бақытты баян жасаған мультфилимдері арқылы санамызда жақсы образдалады. Сонымен, Дисней "үйрек хикаяларынан"алынған Скрог Макдактың өмірдегі бейнесі іспетті еді. Ол өз студиясының қызметкерлерінің жалақысын мардымсыз төлейтін . Наразылығын білдіріп, ереуілге шыққан қызметкерлерін кәсіподаққа кіруіне тыйым салды. Дисней ереуіл басшыларын  ойланбастан жұмыстан шығарды.Ереуілдер қаншаға созылса да, іс жүзінде аяқсыз қалатын.

image.png

Дисней әйелдер шығармашылығын төмен бағлап, жұмысқа қабылдағысы келмейтін. Олқылықтарға қарамастан, Дисней студиясында жұмыс істегісі келетін адамдар көп еді. Себебі, студияның имиджі жоғары еді.  

Қиын характер

image.png

Уолт Диснейдің көптеген досы мен туысы ел үшін «сүйкімді автордың» үйде қатігез тиран болғанын айтады. Мұны Диснейде хатшы болып жұмыс істеп кейіннен басшымен некелеске әйелі Лилиан Боундс толық түсінді. Олар 1925 жылы үйленіп, сегіз жыл бойы балалы бола алмады Жұмысы көбірек ақша әкелген Уолт бұған қатты алаңдады және бірнеше түсік тастаған әйеліне ашуланды.

image.png

Көп түттірген тұңғыш перзенті 1933 жылы дүниеге келді. Сүйкімді қыздың есімін Диана Мэри деп атады. Есейген соң Диана студияның жұмыстарын жүргізді. Дисней балаларының көп болғанын армандады.  Дәрігерлер екінші баланың туылу мүмкіндігі аз екенін айтты.  Сондықтан 1937 жылы ерлі-зайыптылар Шарон Мэйд есімді нәрестені  қамқорлығына алды. Уолт үлгілі әке болуға ұмтылып, балалары үшін бәрін жасауға тырысты. 

Анасының өлімі

image.png

Диснейдің өмірінде1938 жылы өмірінің соңына дейін өзегіне өрт салар оқиға орын алды. Киностудия кірісі жақсарған соң, Уолт анасына Солтүстік Голливудтан үй сатып әпереді. Анасы ол  жерге 1938 жылдың күзінде көшіп кіреді.  Бір ай өтпестен үйдегі газ құбырының жұмысына байланысты  мәселелер туындайды. Дисней өзінің студиясында жұмыс істейтін техник мамандарды  жөндеуге жіберді. Олар барлығын жөндегендей болады.  Көп ұзамай анасы Рут Дисней 26 қарашада газбен уланып қайтыс болды. Жұмысшылар жеткілікті деңгейде білікті емес болып шығады. Уолтерді ешкім айыптамаса да, өзінің ішкі ары оны көп мазалады...

Ақтық дем

image.png

Жылдар өте  Дисней алкогольге тәуелді болып, күніне үш қорап темекі шегеді. Сонымен қатар, оған обсессивті компульсивті бұзылыс диагнозы қойылды.  Нәтижесінде мультипликатор үнемі қолын жуып отырды. Режисер 26 Оскар мүсінін, режисерлік шығармашылық қордынында 111 фильмі бола тұра Колтер өзін толық адам сезінген жоқ. Уолтқа 1966 жылы "өкпе рагы" деген қорқынышты диагноз қойылды. Ең жақсы дәрігерлер мен мол қаражат өмірін сақтауға көмек бере алмады. Сол жылдың 15 желтоқсанында Дисней Лос-Анджелестегі үйінде қайтыс болды. Ол өзінен кейін үлкен шығармашылық мұра қалдырды. 


Ақтөбелік әйел: Күйеуім белбеумен ұрып, көкірегімнен тепті
Түркістан облысында тұрмыстағы әйелмен кездесіп жүрген азамат көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу