Екі елде тұратын танымал әнші мен модель қыз бір-бірінен аумайды

Oinet.kz 24-06-2020 1345

Румыниялық әнші Бьянка Михай мен 25 жастағы палестина-сириялық модель Лана Аль Бейк бір-бірінен аумайды. Желі арқылы танысқан қыздар, өмірде кездесіп, достасып кетті. 

news_full159306723674903070981ec8594ed984f167708fbc.jpg

Бузэудегі (Румыния) әнші Бьянка Михай өзінің сыңары туралы фотограф досынан білген. Фотограф екі қздың ұқсастығына қайран қалып, Бьянканың отбасына Лананың суреттерін көрсетті. Ал ата-анасы қызын басқа елде тұратын бейтаныс адаммен шатастырды.

Дәл осындай оқиға Лананың басынан да өтті. Оның анасы Инстаграмда Бьянканың ән айтып тұрғанын көріп, өз өызы екені деп ойлап қалған. 

Содан кейін екі қыз әлеуметтік желілерге хабарласып, кездесуге келді. Бьянка Лана тұрып жатқан Дубай қаласына ұшып келді.

Арулар жағажайға бірге барып, ортақ суретке түсті. Оларды ешкім бір-бірінен мүлдем ажырата алмады.

«Бұл шынымен де бір сиқырлы нәрсе», - дедіБьянка өзінің эмоцияларымен бөлісе отыра. 

Егіз достар алдағы уақытта тағы да кездесуді жоспарлап отыр. Енді Лана Румыниядағы «әпкесіне» барады.

Бекболат Тілеухан алғаш рет 14 баласын елге таныстырды
Қызға үйленгенде «өлі-тірі» апарудың сыры неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу