​Көліктің ішінде екі кішкентай бала көз жұмды

Oinet.kz 22-06-2020 1712

Иранның батысындағы Керманшах қаласында екі кішкентай бала ыстықтан және тұншығудан көз жұмды. Бүлдіршіндерді ата-аналары екі сағаттан астам  уақытқа автокөлікте жабық қалдырып кеткен.

news_full15927981270a7d52668de6a601f2c687821f6629e8.jpg

"Бір-біріне немере ағасы мен қарындасы болып келетін 3 жасар қыз мен 4 жасар бала олардың біреуінің жанұясының иелігіндегі "Саманд" маркалы автокөлікте ата-аналарының қарауынсыз қалып қойған. Автокөлікке күн сәулесі түскен, балалар көліктен шыққысы келгенде, олар есіктің құлыптаулы екенін түсінген", - деді Керманшах провинциясының құқықтық тәртіп күштерінің өкілі Мохаммад Кесу Амуи.

Құқық қорғау органдарының қызметкерінің айтуынша, балалардың ата-аналары олардың жоқтығын екі сағаттан астам уақыт өткеннен кейін анықтаған. Кейінірек олар екі баланы машинада қозғалыссыз жатқан жерінен тапқан. Балалар дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ оларды құтқара алмады.

​Шетелдікке күйеуге шыққан қыздардың барлығы бақытты ма?
«Елбасы камаз айдап жүр!»: Ғаламторда Назарбаевтан аумайтын адамның видеосы жарияланды (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу