Шакира еркектермен клипке не үшін түспейтінін айтты
Шакираның ерлермен бірге бейнебаяндарға түсуіне сүйіктісі Жерар Пике қарсылық білдіріп отыр. «Жерар өте қызғаншақ. Сол себепті ол, менің бейнебаяндарыма ер-азаматтардың қатысқанын қаламайды. Маған тек қыздармен ғана түсуге рұқсат беріп отыр»,- дейді 37 жасар әнші.
«Can’t Remember to Forget You» хитінің орындаушысы бұған дейінгі роликтерінің біріне Рианнамен түсуіне рұқсат алған. Шакира: «Бұл «тыйым салу» емес, Жерар мені қаншалықты сүйетіндігін, бағалайтындығын көрсетіп отыр. Ал оның бұл әрекеті маған ұнайды»,-дейді. Естеріңізге сала кетейік, Шакира өткен жылдың қаңтар айында ұлын дүниеге әкелді. Қазір жұлдызды жұптың Милан есімді ұлдары өсіп келеді.