Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Босануға дейін жүкті келіншек діни және ғылыми кейбір әдістерді қолдану арқылы осы кезеңді жеңіл өткізе алады.
Жаратушы ие босануға дейін және босану кезінде әйел ағзасын физикалық тұрғыдан тууға дайын күйге келтіреді. Бұған қоса, ағзадағы көптеген механизм үйлесіммен жұмыс істеуге көшеді.
Құрма босануды жеңілдетеді. Мамандардың айтуынша, құрма жеу босануға көмектеседі. Әсіресе, жүктіліктің 37 аптасынан кейін күніне 2-3 (бұл сан бұдан да аз немесе көп болуы мүмкін) құрма жеуге болады. Құрма витамин, протеинмен қатар окситоцин гормонын қамтиды. Oкситоцин босанардан бұрын толғатуды, сүт жиналуын, босанғаннан кейін жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді.
Жүктілік кезінде қол, сан және арқа бұлшық еттерін жұмыс істету-болашақ ананы дене және рухани тұрғыдан босануға дайындайды. Бұдан бөлек, терең тыныс алып күту, демді ұстау да ауырғанды азырақ сезінуге көмектеседі.
Аятүл-күрси, Фәлақ, Нас сүрелерін оқу. Босануға рухани дайындық жасау да маңызды. Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) хадисінде әйел кісілерге: «Босанатын әйел саулықта әрі жеңіл босану ниетімен әуелі Аятүл-күрсиды, артынан Фәлақ пен Нас сүрелерін оқысын» деп кеңес берген⠀
Ең бастысы жамбас қуысы бұлшықеттерін ерте жастан бастап жаттықтырған дұрыс. Қанайналым жақсы болғанда, жаттыққан, мықты бұлшықеттер ауырлықсыз босанудың кепілі болады! Ең маңыздысы дені сау баланы дүниеге алып келесіз Алла қаласа...