Анар Батырхан: Үндістандықтар мені өздерінің қызы ретінде қабылдады

Oinet.kz 19-03-2019 1021

2555242121.jpg

Әмбебап өнер иесі Анар Батырхан соңғы кездері әншілікке көбірек мән беріп жүр. Сөзіне қарағанда, режиссерлер тарапынан түсіп жатқан ұсыныстар әзірге көңілінен шығып жатқан жоқ. Әрі екі кеменің басын ұстаған суға кетеді деген Анардың өзі бүгінде жаңа әндер жаздырып, студияда қызу жұмыс істеу үстінде. 

Бұл туралы Stan.kz Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Анар жақында ұзатылар қыздарға арнап жаңа ән жаздырған. Айтуынша, мұндағы бірінші мақсаты - ақша табу емес. Әйткенмен ұзату тойларына шығып, жақсы табыс табуға болатынын жасырмайды. 

"Даусыңыз жақсы, иірімдеріңіз әдемі, неге сондай ән жазбасқа деп халық тарапынан ұсыныс түсті", - дейді Анар.

Батырханова жақын арада Дубай қаласында клип таспалауды жоспарлап отыр. 

"Әнің үндістің әніне ұқсаса, бейнебаянды сол жақта түсіруге болады. Бірақ Дубай кішкене тазарақ. Өзіңіз білесіз, таза, өте әдемі қала", - дейді ол.

Әйткенмен үнді сериалдарын көріп өскен Анар болашақта Болливудты бағындырсам деп армандайды. 

"Үндістанда мені өздерінің қызы ретінде қабылдады. Даусыма, түріме тәнті болды. Бізге ұқсайсыз деді. Болашақта Болливудқа барып, сол жердің шоу-бизнесін бағындырайын деген мақсат бар. Ең бірінші мақсат қой, арман болса бәрі орындалады. Сондықтан да Шахрух ханмен бір киноға түсіп қалсам, достар, таңғалмаңыздар", - дейді Анар.

Роза Рымбаеваның тұңғышы үлкен сахнаға жол тартты
Серікбол Сайлаубек: 16 жасымда зейнетке шықтым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу