Күйеуінен қорлық көрген әйел: «Далада тыржалаңаш шешіндіріп, тепкілеген кездері болған»

Oinet.kz 06-05-2020 4378

Күйеуінен қорлық көрген әйел бес баласын тастап қашып кеткен. Көп ұзамай қайын жұрты әйелді аналық құқынан айырып, балаларын көрсетуден бас тартқан. "Кел, татуласайық" бағдарламасына келген кейіпкер Жанна Байжанованың ендігі арманы - балаларымен қауышып, солардың қызығын көру.  

news_full1588678984b3419c85c1f94872d571299bc07263ad.jpg

Жанна Байжанованы 17 жасында күйеуі бір көргеннен алып қашып кеткен. Ол тұрмысқа шығарда күйеуінің жынды екінін білмегенін айтады. Тіпті сүйіп қосылмағанын, жарының алып қашып кеткенін айтқан ол ЗАГС-ке де тіркелмегенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.   

"Мені ұрып-тепкілеп күн көрсетпейтін. 96 жылғы тұңғыш қызыма екіқабат едім. Ай-күнім жақындап отыр. Күйеуімнің жынды деген анықтамасы бар екенін білмеймін. Қызымды босанып келген соң, қайын атам "келін баламның жынды деген анықтамасы бар еді, сол қайда" дегенде мен талып қалғанмын", - дейді әйел. Ол күйеуінің кей күндері өзін керуеттің астына кіргізіп ұрып, далада тыржалаңаш шешіндіріп, тепкілеген кездері болғанын айтады. 

"Бір күні 98 жылы туылған қызымды перзентханадан үйге шығарып әкелген соң, қызымды бесікпен бірге дуалға лақтырды. Мен сол күндердің бәріне шыдадым. Аштыққа да, қиыншылыққа да, жоқшылыққа да шыдадым. Денсаулығымды құрттым, бірақ ертең мен өліп қалсам, балаларымды кім бағады?!", - деген ол 10 жылдан кейін бұл қорлыққа шыдамай кетуге бел буған. 

Күйеуінен күнде құқай көрген Жанна өз басының амандығын ойлап бес баласын тастап, үйінен қашып кетпекші болып, үлкен қызынан көмек сұрайды. 96 жылы туылған қызы анасынан өтінішімен киімдерін көтерісіп шығарып салады. 

Жанна сол кеткеннен Алматыда дәретхана жуып, күн көреді. Арада 10 жыл өткенде күйеуі қайтыс болды деген хабар алады. Сол кезде дәретхана жусам да ұл-қыздарымды өзім бағамын деп ауылына қайта оралады. Алайда қайын жұрты балаларын бермей соттасып, аналық құқығынан айырған. 

"Арманым баламды алып, қолында тұру, немерелеріме қарау. Бәрінен тойдым, қалған өмірімді солармен қызықты өткізсем, маған басқа керек емес", - дейді тұрмыстық зорлық көрген келіншек. 

Соғыстан қайтқан солдаттар: Бізге күніне 600 грамм нан ғана беретін
«Нәресте пакетте болды»: Атамекен ауылынан өлі нәресте табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу