Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Қасқыр, түлкі және есек бизнес ашып, стартап жасамақшы болыпты.Айтылды - болды, тіршілікке кірісіпті. Кеңсе алған, компьютер алған, көлік алған. Істелмегені тек бизнесті тіркету. Ол үшін әкімдіктен рұқсат қажет.
Қасқыр айтыпты: "Менің түрім, азу тісім сұрапыл қорқынышты. Мен барайын!" - деп әкімдікке аттаныпты.
Күні бойы кабинеттен кабинетке кіріп, ақыры ит боп, тісі қағылып қайтыпты.
Келесі күні түлкі: "Осы мен қумын, зымиян айлакермін. Мен барайын!" - деп аттанады. Ол да жетістірмепті. Барып, алданып, айыппұл төлеп, жүні жығылып кеңсеге келеді кешке.
Келесі күні есек: - Мен барайын! - деп сұранады. - Ей, сен ишак, біз бітірмегенді бітірем дейсің бе? Топассың ғой! Бірақ, барсаң баршы, - деп жібереді ана екі партнері.
Сөйткен есегі бір сағаттан соң бар қағазын, бес жылдық салықтан босату, үш тендер алып кепті!
Ана екеуі аң-таң: қалайша, мына заман не боп кетті деп әлек.
Сонда есек: - Е не қиыны бар? Барсам кіл кластастар мен курстастар отыр, нақ... - депті.
/Айдос Сарым/