Махаббат парадоксы
Махаббаттың ең басты түйткілі жұптағы екеудің бірі – жеткілікті деңгейде есеймеуінде.
Егер сіз психологиялық, рухани тұрғыда есейген адам болсаңыз, сіз балаға ғашық болмайсыз. Ересек адамның тұтастығы жалғыз қалуға жеткілікті болады. Ересек адам махаббатын сыйлағанда, ол жәй ғана сыйлайды. Өзінің махаббатын қабылдағанға шексіз ризашылығын білдіреді. Керісінше емес. Ол сіз риза болады деп күтпейді. Оған сіздің разылығыңыз қажет емес. Ол сізге алғыс айтады, оның махаббатын қабылдағаныңызға.
Екі ересек адам ғашық болса, өмірдегі ең ұлы парадокс орын алады, ғажап құбылыс болады. Олар бірге, бірақ шексіз жалғыздықта қала бермек. Олар соншалықты деңгейде бірігіп кеткен, екі жарты бір бүтін дерлік, дегенмен бір бірінің жеке кеңістігіне қол сұқпайды. Керісінше махаббат жеке қасиеттердің күшеюіне, бұрынғыдан әлдеқайда терең жетілуіне жол ашады.
Екі ересек адам бір бірін сүйгенде бұрынғыданда еркін болуға көмектеседі. Олардың арасында ешқандай саясат, ешбір дипломатия, біріне бірін тәуелді ету ниеті болмайды. Сүйген адамыңызды қалай бағындырғыңыз келеді? Осы туралы сәл де болса ойлансаңыз етті. Бағындыру жеккөрушілік, ашу мен ыза, жауласудың қатарындағы сөз. Өзіңіз шын сүйген адамды бағындыру деген мүмкін бе?
Олардың жеке қасиеттері араласпайды – олар күшейе береді.
Ошо
«Есею»
Аударған Шынар Әбілдә