Алғыс айту күнделігі

Oinet.kz 13-11-2019 1643

Менің өмірімді түбірімен өзгерткен жағдай туралы әңгімелегім келеді. Бұл өмірдің өздігінен өзгеруі емес, өз өмірімді мейлінше саналы түрде бақылауға алуым жөнінде әңгіме.

Осы бір тәжірибе өзім ұнатқан жұмысты табуға, сол арқылы өмір сүру дағдымды толықтай өзгертуіме себепші болды. Осы тәжірибенің арқасында мені саяхаттауға ынталандырған адаммен танысып, өзімді таптым десем де болады. Бұл техника маған армандарымды жүзеге асыруға көмектесті.

алғыс айту күнделігі.jpg

Эксперимент жасауға қалай көндім?

Жұмыссыз қалған, тиын санап жүрген ауыр күндер еді. Басқа қалаға келіп, азғантай жалақысы бар жұмысқа тұрдым. Жұмыстан басқаға уақыт жоқ. Таңғы тоғыздан кешкі онға дейін жұмыстан шықпайсың. Кешке сүйретіліп үйге жетесің де, төсекке құлайсың. Бұл өмір емес қой. Сол кездері YouTube-тан бір-біріне ұқсайтын екі ролик көзіме қатар түсті. Онда екі адам алғыс айтудың өмірін өзгерткені туралы баяндайды. Олардың әңгімелері мені шабыттандырды.

Өзіме эксперимент жасағым келді. Эксперимент үшін мың алғыс жазып, соның менің өміріме әсерін көрмек болдым.

Үш күннен кейін нәтиже білінді. Көңіл күйім жақсарды. Еш себепсіз қуандым. Бұрын басым салбырап жүруші ем. Кері әсері де болды. Пәтерақым көтерілді.

Күрт өзгеріс. Жаңа жұмыс

Күнделік жүргізуді жалғастыра бердім. Ең жиі қайталанатын сөз: «Интернет арқылы ақша тауып, өзіме ұнайтын нәрсені жасағаным үшін рақмет».

Сол сәтте интернеттен пайда табуды білмедім. Тұрмыстық техника дүкенінде сатушы-кеңесші боп жүрген кезім. Интернет жұмыс туралы тек армандап қоятынмын. Бірақ арманым көп күттірмеді.

Бір күні әлеуметтік желіде бір жігіт бүкіл жобаларын жауып, тек сырттай жұмыс істеуге үйрететін жобаны ғана қалдыратынын айтты. Мен дереу оған хат жаздым. Тренингке жазылдым. Жұмыстан шығып, әлгі тренингке қатыстым, үш аптадан соң іздеген жұмысымды таптым.

Өзім бірнеше жылдан бері блогын оқып жүрген адамға жұмысқа тұрдым. Оның саяхаттары туралы әңгімелері қызықтыратын. Енді өзім де Азияға кетсем деп алдыма мақсат қойдым. Мен оның тренингтеріне қатысқан едім, телефоны болды, дереу өз көмегімді ұсынып хат жаздым. Менің ұсынысым оған ұнады. Мен өзімді ұсынып отырғын қызметтегі адам жұмыстан шыққан екен, мені соның орнына қабылдады.

Күнделік жүргізудің алғашқы жемісі осындай болды. Ғажап!

Кейіннен бұл тәжірибені тағы да бірнеше рет қолдандым. Соның арқасында тоғыз ай Тайландқа кетіп, Самуи аралында уақыт өткіздім. Менің өміріме зор әсерін тигізген қызықты жандармен таныстым. Күнделік жүргізсем, өмірімде ғажайыптар орын ала бастайды.

Күнделікті қалай жазады?

Қатаң тәртібі жоқ. Өзім солай ойлаймын. Ең бастысы оны қалай қолдану керектігін түсініп алу.

Алғысты не үшін айтады?

- күні бойғы бастан кешкен жақсы мезеттерді еске алып, солар үшін алғыс айт;

- өмірде болған ең жақсы жағдайларды еске алып, солар үшін алғыс айт;

- араласып жүрген адамдарға алғыс айт;

- ғаламға алғыс айт (құайға, өмірге, әлемге және т.б.), армандарың орындалғандай болып, сол үшін алғыс айт;

- міндетті түрде өзіңе алғыс айт.

Күнделікті қалай жүргізеді?

Бастапқыда электронды түрде жүргізетінмін. Сосын қағазға жазатын болдым. Өзіңе ұнайтынын таңда. Еш айырмашылық жоқ сияқты.

Күнделіктің арқасында қалауңа қалай қол жеткізесің?

Біздің әлем сан алуан, егер санамызда, ойша бірдеңеге қол жеткізсек, ол орындалады. Алғыс айту ережесі армандарды жүзеге асырушы.

Осы техникамен армандарға қол жеткізу тиімді ме?

Менің тәжірибем бойынша, иә! Өте тиімді! Мақсатқа жетудің сан алуан жолы бар. Кез келген техниканы қолданғанда, ақырғы нәтижені нақты білу керек. Сонда арман жылдам орындалады.

Күнделікті алғыс айту, мақсатты назардан тыс қалдырмауға септеседі. Алғыстың күші оны тез орындайды.

Күнделіктің жүзеге асатынын қалай түсінуге болады?

Оны байқамау мүмкін емес. Өміріңізге өзгеріс енеді. Жаңа адамдармен танысасыз. Олар мақсатқа жетуге көмектеседі. Көңілге жағатын жағдайлар көп орын алады. Осының барлығын байқап, алғыс айтып отырудың ұмытпағайсыз.

Сиқыр сияқты. Бір қарағанға бәрі өздігінен болып жатқандай көрінеді.

Күнделіктегі жазуды қалай реттейді?

Мен өз басым «Осы үшін рақмет» дегенді қолданамын. Ары қаррай кез келген арманды жазса болады. Осылай деп жазса, не өзіңізге ұнайтындай етіп жаза беріңіз. Күніне 20 алғыс жазамын. Кейде одан көп, кейде аз. Бірақ көбіне осы санға жеткіземін.

Егер алғыс жаза алмайтындай күйзелісте болсам деп сұрағыңыз келетін шығар. Ондай кезде өзімді қадағалап бірден жүз алғыс жазамын. Өміріңізде болған барлық жақсы жағдаяттарды еске алыңыз. Барлық таныстарыңызға алғыс айтыңыз. Өзіңізді де ұмытпаңыз. Күйзелістен арылуға көмектеседі.

Күн сайын күнделік жазуға қалай дағдылануға болады?

Мен көптеген ережелер мен жаттығулар жасап көрдім. Қазір Android LoopHabbit қосымшасын қолданамын. Ол күнделік жүргізгенімді, не ұмытқанымды еске сап тұрады. Бұрын жай ғана гуглдокста кесте жүргізетінмін. Күнделік жазғанымды жасыл түспен, жазбаған күнді қызыл түспен белгілейтінмін. Қосымшамен жұмыс істеген жеңілдеу, әрине.

Жақсы идея, асқақ армандарды бірден күнделікке жазып үйреніңіз! Олар міндетті түрде орындалады.

Автор: Денис Примаченко

Аударған Шынар Әбілдә

Әлем және сен
Жаныңа енгісі келетін бүлінгіге айна тәсілін қолдану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу