Ашығу – адамға қуат береді
Мен ашығуды дұрыс өткізу туралы тәжірибеммен бөліссем деймін. Менің көзім жеткені, төрт күнгі ашығудың өзі ағзадан тұзды тазалайды. Бұны кіші дәретіңізді тексеру арқылы анықтай аласыз. Төрт тәулік тек қана тазаланған суды ғана ішіп ашығыңыз. Осы төрт күнде таза судан басқа аузыңызға нәр салмаңыз, суды қанша ішем десеңізде еркіңіз. Таңғы алғашқы кіші дәретіңізді жинаңыз.
Құтшалардағы кіші дәретіңізді салқын жерге, екі-үш апта бойы сақтап, сонан соң жарыққа апарып қараңыз. Сіз шиша түбінен натрий хлоридін және басқа қалдықтарды көресіз. Осы тұздар шыққан кезде, бүйрегіңіз босап, жұмыс жасауы жақсарады! Орынсыз шөлдеу мен ауыздың кеберсуі жойылады. Бұлшық етіңіз бен теріңізге назар аударыңыз. Сіз жасарып, сымбаттала түсесіз, ісіп-кебуіңіз жоғалады.
Ашыққан кезде, ең бірінші, толықтық және осының себепкері – тұздан құтыласыз. Сіз өз көзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Ашыққан кезде ағзаңызда таңғажайып өзгерістер болады. Жай уақытта тамақ қорытуға жұмсалатын құдіретті өмірлік қуат ағзаңыздағы зиянды қалдықтарды, уларды жасушаларыңыздың, тәніңіздің тазалануына бағыттайды. Жасушалар жасарады. Төрт тәулік тұздан тазаланғаннан кейін бұлай істеу қиын болса да, тұзды келешекте қолданбауға тырысыңыз. Онсыз да, барлық сатып алатын тағамдарыңызда «жасырынған» тұз бар.