Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
1. Күйгелектік. Әйел өзі көтере алмайтын жүктің бәрін мойнына артып алады. Сол кезде күйгелек боп кетеді. Күйгелектік пен қанағаттану – сәйкеспейтін құбылыстар.
2. Шектен асатын әлеуметтік белсенділік. Шын мәнінде әйел белсенді болса, онда өзіне жетіспейтін махаббаттың орнын толтырып жатқансиды. Бірақ бұл сценарий жұмыс істемейді. Ол сыртқы әлемге уақытын тек отбасылық жағдайын түзеп, міндетін орындап қойған соң ғана кірісуі керек. Жан тыныштығын сонда табады.
3. Сыртқы әлеммен шектен тыс көп араласуы. Отбасыдан тыс, араласатын достарынан тыс. Яғни, әйел тек оны жақсы көретін жандармен араласуы керек. Ер адам өзін жақсы көрмейтіндермен араласа отырып қиындықтарды жеңеді, ойлау өрісі кеңейеді, жетіледі. Әйел өзіне жайлы шектен шыға бермесін. Бір қателік: ұнатпайтын нәрсемен шұғылдану.
4. Жұмыс. Неге? Әйел жұмыста қиындықтарды еңсереді. Бұл әдетте ерлерге арналған бағыт. Тіпті әйелге арналған жұмыс болса да, көп уақытын алса, онда әйел үшін осының өзі кедергі. Отбасына арнайтын уақыты кемиді. Егер әйел таңертең төсегінен әзер тұрып, жұмысына ықылассыз барса, онда онікі ер адамға арналған жұмыс болғаны.
5. Шалбар. Бұл ер адамның киімі. Сол сияқты егер әйелдің киім-кешектері аз, сүйкімсіз, тым сүреңсіз болса, дұрыс емес. Егер киім салатын шкафы болмаса, бұл да қауіпті. Шкаф еркек үшін маңызды емес. Ал әйел үшін бүкіл әлем.
6. Әйелге тән емес шаш үлгісі. Шаш үлгісі ұқыпты, сүйкімді болуы керек. Қысқа шаш ыңғайлы. Бірақ ыңғайлы деген сөз еркектердің лексиконынан алынған.
7. Әшекейдің жоқтығы. Аксессуарларды қолдана білмеу. Еркектің міндеті әшекей сыйлау. Мейлі ол жақұт болсын, бижутерия болсын. Әркімнің мүмкіндігі әр түрлі. Әйел жай көйлектің өзіне алтын не күміс алқа тағады.
8. Тәніне ұқыпты болмау, сылап-сипауды доғару.
9. Көңіл күй тығыны. Сөйлескісі келмеу – әйел өзінің көңіл күйін сездіргісі келмегені. Кей әйелдер тек жақсы көңіл күй болғанда ғана сөйлесу керек деп ойлайды. Әйелдің жанында оның бүкіл көңіл күйіне шыдай алатын, түсіне алатын адам болуы керек. Егер еркек әйелін тыңдай білмесе, әйел ашуланады, яки әйел еркектің айтқанын тыңдап, оның көңіл күйін дөп басатын болса, әйел өз болмысына жат бола бастайды. Ашуды ырықтап ұстау керек. Егер ашуды шығарып отырмаса, оны ешкім тізгіндей алмай қалады. Ол бәрін бүлдіреді. Егер ашуды шығарып отырса, ол қарым-қатынасты жояды. Одан да оны ешкімге көрсетпей шығарған ләзім. Мысалы, арнайы бөлмеде айқайлап алу, керек емес ыдыстарды шағып тастау, жастықты ұру.
10. Хоббидің жоқтығы. Хобби жан қалауы. Ол пайда әкелмесе де болады. Ол адамға қанағаттану сезімін береді. Ері әйелінің хоббиін білуі тиіс. Егер әйел тігін тіккенді ұнатса, оған тігін мәшинесін әперсін. Егер караоке не биді ұнатса, соның үйірмесіне апарып тұрсын. Ал әйел бұл өте жақсы екенін түсінуі керек. Хоббиге үнемі уақыт бөлуді әдет қылсын.
11. Шығармашылықтың жоқтығы. Бұл алдыңғы тараумен ұқсас, бірақ екі түрлі дүние. Гүл, гүлдесте, үйдің ішін безендіру, әйел шығармашылықта өмір сүруі керек. Оның бойында ғаламның бір бөлшегі болуы тиіс. Осы қасиетін көрсететін өзінің бұрышы болсын. Үйі. Ерлердің де әйелдің қолынан келмейтін үйге қатысты міндеттері бар. Жексенбі сайын ол апта бойына жиналған үйдің тірлігін жасайды. Егер еркек жексенбі сайын тек демала берсе, ол деградацияға ұшырайды.
12. Басқаруға ұмтылысы. Әйелден өте жақсы бастық шығады. Алайда басқаруға құлшынбағаны жөн. Бұл оның табиғаты емес. Әйел шабыт беруші. Сыртқы кілтипанның бәрін еркек шешеді. Мәселен, әйел өзі несие ал деп ақыл қосады да, артынан қашан төлеп болғанша жанын шүберекке түйіп, естен танады. Мұндай мәселенің бәрін тек ер-азамат шешеді. Әйелге ол туралы түк білмеген дұрыс.
13. Әйелге тән міндеттің жоқтығы.Үй-ішіндегі тірлігін жасап болам дегенше, бәрін тазалап, кірін жайып, сүртіп, тамағын даярлап, шайын құйып болғанша әйел шаршайды. Егер әйел мұның бәрін істемесе, ол жұмысқа жегіледі. Үйдің жұмысын қызметшісі жасайды. Барып тұрған қателік. Әйелдің өзіне лайық ауыртпалығы болуы керек. Йога, би, тағысын тағылар.
14. Шиеленіс. Әйел ұрыс-керіске араласпауы керек. Оның қарым-қатынасы жайлы болуы тиіс. Әсіресе, ер адамдармен қарым-қатынасы өте сыпайы болсын. Егер еркектермен ұрысып қалса, әйел бірден дөрекі болып шыға келеді.
15. Еркектің міндеті. Шеге қағу, жиһаздың орнын ауыстыру, кәсіпорынды басқару, қолбасшы болу, отбасын асырау, несиені жабу, ипотеканы төлеу... Бұның бәрі еркектің міндеті. Әйел оған қатыспасын.
16. Бәсекелестік. Бәсекелестік туған жерде әйелдің болмысы бүлінеді. Әйелдің болмысында бәсекелуге негіз жоқ. Бір адам үшін ең сүйкімді болу үшін оған өзін дәлелдеп қажет емес. Осының салдарынан әйел өзімшіл боп кетеді деп ойлау артық. Қазіргі заманның әйелі өзін жақсы көре алмайды. Әйелдік эгоизмді бүгінгілер танымайды да.
17. Еркіндік. Азат болу, күшті болу, мақсатына жеткенше мұқият қадағалау, талапты, табанды болу.
18. Тәкәппарлық. Не нәрседе де «мен өзім» десе, ол менмендік. Немесе әр жағдайда «Мен одан да артық, жылдам, сапалы жасай алам» деп ойласа. Кейде тәкәппарлық бір ауыз сөзге сыйып кетеді: «Басымды иіп, бірдеңе сұраудың қажеті не?» деген.
19. Нәтижеге байланып қалу. Егер әйел шарт қойса: «Бұған қолым жетпесе – жаным жай таппайды» дейді. Ақылды әйел қолда барға қанағат етеді. Әйтпесе, сол ақшаны өзім де таба аламын деген ойдың жетегінде кетеді. Бірақ әйел өзі тапқан ақшасын өзіне жұмсағанда ләззат алмайды. Ол күйеуінің ақшасын жұмсағанда ғана өзіне құрметті сезінеді. Бақыттан басы айналады.
20. Ашу. Немесе дұрыс шығарылмаған ашу. Ашу – реніш, өкпе, өзгені ғайбаттау, өсек айту. Ашу ләззат алатын объектісіне еліктегенде туады. Әйел өзі ләззат алатын дүниесіне байланып қалады. Ләззат сыйлаған дүниенің бәрін уысыңда ұстау мүмкін емес. Сондықтан сезімді бауыр басып қалғаннан кейін емес, ең басында ырықтау керек.
21. Механикалық өмір. Әйел жасаған ісінің бәріне махаббат дарытады.
22. Шағымдану. Әйел арызданбайды. Әйел не сезінетінін ғана айтады. Ал шағымданса, онда біреу кінәлі болары хақ. Өтініш пен шағымның арасында көңіл күй деген айырмашылық бар. Әйел ерімен кеңеседі, одан жағдайды шеш деп талап етпейді.
23. Ерлерге арналған спорт пен демалыс түрлері.
24. Құрбыларының жоқтығы. Әйел жүрек түкпіріндегі сырын айту үшін құрбылары болғаны абзал.
25. Өзіне арнайтын уақыттың жоқтығы. Тек өзіне. Тек әйелге тән ұсақ-түйекке керек уақыт. Әйел ұсақ-түйекке арнайтын уақыт тапсын. Кейде ақшасында сондай ұсақ-түйекке жұмсасын.
26. Түнгі ұйқының бұзылуы. Егер әйел кеш жатса, кеш тұрады. Әйелге дұрыс ұйықтауға бар жағдай жасалсын. Ең дұрысы - бала-шағадан бөлек бөлмесі болсын.
Ведалар
Аударған Шынар Әбілдә