Көмек сұрау – ұят емес

Oinet.kz 12-11-2019 1101

көмек.jpg

Егер көмек сұрап үйренбесеңіз, онда сіздің жаныңыз не қалайтынын Құдай да білмес. Ғаламның заңдылығы бойынша, әр адам өз тағдырын таңдауға қақылы. Құдай да, періште де сіздің рұқсатыңызсыз өміріңізге араласпайды. Бөтен адам да сіздің рұқсатыңызсыз араласпас. Сізге еркін таңдау еркі берілді. Әр кезде өз таңдауыңызды жасайсыз. Көмек керек пе, жоқ па, қанша көмек керектігін де өзіңіз шешесіз: бұл деген қажет кезінде Құдайдан да, адамнан да көмек сұраудың реті келіп тұрса, сұраудың әбестігі жоқ дегенді ғана білдіреді.

Хақ Тағаланың көмегі

Кей адам көмек сұрауға ұялады. Көмек көрсетуге лайық па едім деген ой маза бермейді. «Мен тура жолдағы адаммын ба, төрт құбылам түгел ме» деген кедергі бар. Айналаңызға бір қараңызшы, тура жолда жүрген қанша адамды білесіз? Күлкілі, иә. Қандай жолда жүрсе де кісінің күні кісімен. Адам боп туған соң біреуге көмектеспей тұра алмаймыз. Көбімізге Хақ тағала көмектеседі. Себебі, күнделікті одан тілейтініміз, сұрайтынымыз көмек. Мәселе тек төрт құбыланы түгендеуде ғана болса, ешкім еш жерден ешқашан көмек алмас еді. Көмектесу – марапат емес қой, ол не нәрсенің де салдары: сұрасаң – береді, жыламаған балаға емшек жоқ. Қалай сұрағанның еш мәні жоқ. Кей жағдайда ауыр жұмыстың өзі сұрағанның нәтижесі болып шығады. Қалауымызға қажетінше еңбек сіңіруге дайын екенімізді осылай көрсетеміз. Әр адам көмекті дұғамен, медитациямен, аффирмациямен, визуализациямен, музыкамен, өлеңмен яки кез келген басқа шығармашылықпен сұрай алады. Немесе жай ғана Құдайдан тілеп. Мұның барлығын сіз өзіңіз үшін жасайсыз. Өзіңіздің жан тыныштығыңызды табу үшін. Еркін өмір сүру үшін. Ал, анда, Көкте, сіздің нендей мұқтаждығыңыз барын онсызда біледі. Сезіміңізді жасырған сайын оның күш-қуатын тежеп тастайсыз. Буы шығып кеткендей болады. Көбіне Құдайдан тілеу тілеген кезде мазалайтын сезіміңізді шынайы жеткізесіз. Сол сәтте басыңыздан өтіп жатқан ахуалдың себебін түсініп қалуыңыз ықтимал. Сонда оны қалай шешетініңізді біле қоясыз. Көмекті қаншалықты жиі сұрауға болады? Бір өтінішті бір рет сұрау жеткілікті. Ол ерік-жігер заңдылығын әрекетке айналдырады. Әрине, бір нәрсені бірнеше рет сұрағанда тұрған дәнеңе жоқ. Көңіліңіз қанағаттанғанша сұраңыз. Тек қайталап сұраудың еш қажеті жоқ. Алайда бір ғана «бірағы» бар. Өте қиын «бірақ». Сіз сенуіңіз керек. Оптимизм – бұл пайдалы қуат. Ол сізге бақ пен дәулетті тартады. Сенім мен оптимизм жоқ жерде сіздің сұрағаныңызға жауап болғанын байқамай қалуыңыз әбден мүмкін. Сенім өз-өзіңізге қалағаныңызды алуға кедергі жасамау үшін керек. Өтініш пен күдік – автокөліктің екі басқышы сияқты: газ бен тормоз. Егер газды басудың орнына адам қайта-қайта тормозды баса берсе, алысқа кетпейтіні анық. Сенім бар жерде хақтың сыбырлағанын ести қоясыз (ой, идея, түйсік, кесе-көлденең себептер). Айналаңыздағы мүмкіндіктерді байқайсыз. Қай сәтте қай бағытқа қарай қанша қадам жасау керектігін түсіне бастайсыз. Көктің жіберген әр белгісі мен себептерін айқын көресіз. Мысалы, сіз өтініш айттыңыз. Дұға қылдыңыз делік. Сол сәттен бастап миыңызға бір ғана ой келе береді. Елес, аян болады. Сіз нақты қадам жасасын деген белгілер байқалады. Мәселен, - белгілі бір адамға не ұйымға қоңырау шалу; - ас мәзірін реттеу, дене шынықтыруды бастау; - нақты бір мақаланы не кітапты оқу; - ұнап жүрген бір топқа қосылу; - оқуға түсу; - бір нәрсе жазу; - саяхатқа шығу; - басқа қалаға көшіп кету; т.б.

Ғаламның ескертпесі үнемі бір әрекетке итермелейді. Оны дәл қазір жасау керек. Сонда келешек өміріңізді жақсартасыз. Бұл қадам бүкіл өміріңізді суреттеп бере алмайды. Бірақ бәрі осы қадамнан басталғанын кейін білесіз. Сіздің дұғаңыздың жауабы осы қадам болғанын түсінесіз. Сіздің қолыңыздан келетіні сол нақты қадамды жасау ғана болады.

Адамдардан сұраңыз

Тек Хақ тағаладан ғана емес, адамдардан да сұрап үйреніңіз. Себебі, егер сіз сұрап не көмек көрсетіп үйренбесеңіз, бай-дәулетті өмір сүруіңізге өзіңіз кедергі келтіргеніңіз. Көмек көрсету мен көмек сұрау – өте маңызды әрі қасиетті іс делінеді. Тыныс алу кезінде дем алу мен дем шығарудың екеуінің де маңызы бар. Сол сияқты ғой. Ауа өкпеге енеді, шығады. Сол секілді бай-дәулетті өмірге қол жеткізбегендердің басты кедергісі – көмектен бас тарту. Өзгенің көмектесейін дегеніне не дейтініңізді еске түсіріңізші? Оңайлықпен қабылдайсыз ба әлде сыпайы түрде бас тартасыз ба? Сол сәтте не сезінесіз? Өтініш айтып өзгені алаңдатамын деп ойлайсыз ба, өзгенің көмектесейін дегенінен ұяласыз ба, әлде мүлде көмек көрсетілгеннен қорқасыз ба? Бұл арасы маңызды емес. Сіз өтініш айтып, оның жауабын күтетін болсаңыз, онда көмек алуды үйреніңіз. Әйтпесе, дұғаңызға жауапты өзіңіздің «жоқпен» жойып жібересіз. Көмек алуға өзіңізді лайық сезініңіз. Сол секілді ғаламның барлық бақ-дәулетін қабылдауға лайықпын деп сезініңіз. Өзіңізді бақ-дәулетке лайық сезінбейінше, келетін жолын жауып тастай беретін боласыз. Көмек сұраған барлық өтініш пен дұғаңыздың жауабын кері ысырылып, қабылдауға дайын болмай шығасыз. Сол көмекке өзіңізді лайықсыз сезініп тұрасыз.

Ведалар.

Аударған Шынар Әбілдә

Жүгірудің пайдасы
Жетістіктің құлпысын ашатын 101 кілт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу