Кездейсоқ жігіт кездеспейді

Oinet.kz 08-11-2019 1244

жігіт пен қыз.jpg

Әйелдердің көбінің бар мақсаты – лайықты ақсүйек жігітті жолықтырып, сонымен бақытты ғұмыр кешу. Әрі лайықты жігітті тектен тек жолықтыра салғысы келеді – кездейсоқ оқиға болса, шіркін деп, бұл жағдайды әйелдің өзіне еш қатысы жоқтай көреді. Қамқор болатын, тек өзін ғана сүйіп өтетін сезімтал жұбайың болу – өздігінен бола салатын құбылыс іспетті. Мұндай ойға басы бүтін қарсымын.

Жақсы жігітті қалай жолықтырады?

Әйелді осындайда «аңшы» болуға, көкбет, арам ойлы азғырушы, дым білмес ақымақ, мейлі кім болса, о болсын, бірақ Сұлу аруға жеткізбейтін ойға өзін өзі жетелейді. Осындай арам ойдан әйел заты жан-жағын тіміскілеп, күтіп, торуылдап, азғырып, күресіп, торығып, күйзелісте жүреді. Бұның бәрі қас сұлуда жоқ қасиеттер.

Мен әйелдің тағдырында жолығатын еркектің кездейсоқ жолықпайтынын жүз пайызға кепіл бола алам. Әйел жолықтырған әр жігітіне жан дүниесімен де, сыртқы әлпетімен де ұқсап тұрады.

Әйел өзін сыйламаса – диктатор-күйеуге жолығады.

Өмірден нені қалайтынын білмесе – оның ері өз дегенін жасатады.

Жаны күйзелсе – ері де оны билеп-төстейді.

Күйзеліске бейім келсе – ері одан сайын күйзелтеді.

Іште болатын дүниенің бәрін Ғалам адамдар, жағдайлар, достар, туыстар арқылы, ең бастысы өзіміз таңдаған жарымыз арқылы көз алдымызға әкеледі. Бұның барлығы әр әйел өз болмысына жетіспейтін қасиеттерді жинасын деген сабақ. Батылдық жетпесе – ері басып-жаншып отырады. Мақсат болмаса – ері одан сайын адастырады. Өзін жақсы көрмесе – ері боқтап, келемеждеп, әр ісін мінеп отырады.

Және керісінше. Әр әйел өзімен үйлесімде өмір сүрсе, болмысы бүтін болса, өзін бағаласа, неғұрлым көңілді, өзіне және әлемге ниеті таза болған сайын, өзін жақсы көрген сайын – соғұрлым өзіне лайықты жақсы жігітті жолықтырудың мүмкіндігі арта береді.

Азамат – ең алдымен өмірлік серік, ол әйелдің ең осал жақтарын көрсетуші, жан пернесінің нәзіктігін сездіртуші. Өзін таныған сайын, жан қалауын білген сайын, мақсатын айқындап, көңіл күйін басқарған сайын – әйелдің өміріне жақсы жігіттің енуіне жол ашыла бермек. Жоқ дегенде жаман жігітті өміріңе енгізбеуге ықтиярың жететін болады.

Тұрақты қарым-қатынасы болмаған, бірнеше рет ажырасқан бақытсыз әйелдердің өмірін бақылап көр. Бір қызығы олардың өміріндегі еркектер бір-біріне ұқсай береді. Бір типаж. Біріншісі – алқаш, екіншісі – жалқау, үшіншісі – науқас, төртіншісі – апасының баласы. Бұлардың барлығы осал жігіттердің типажы. Яғни, әйел өзіне нашар жігіттерді ғана тартады деген сөз.

Яғни, оның жан дүниесі әлі қалыптаспаған, ол бүтін болмысты, білекті, ақылды азаматты өміріне енгізуге дайын емес. Өйткені, өзі де бүтін емес. Өзін жақсы көрмейді. Сондықтан ақырып-бақыратын тиранды, көзге шөп салатын, жауапкершілігі аз жігітті – жүрек түкпірінде нені сақтаса, соны тартады. Өзін қалай құрметтесе – соған лайық болғаны.

Екі жарты бір бүтін болмайды. Махаббат тек есейген есті адамдар арасында туады. Екі бос жарты бір-бірін бүтіндемейді. Егер бар ынтаңды, қуатыңды, біліміңді өзіңе жұмсасаң, өзіңді жан-жақты болуға арнасаң – Өз меніңді ешқашан жоғалтып алмайсың. Әр әйел ер-азамат туралы ойланбас бұрын өзін тауып, өзін жақсы көріп, бағалап үйренуі қажет.

Аударған Шынар Әбілдә

Евгений Леоновтың ұлы Андрейге жазған хаты
Өзгергің келсе!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу