Тәңіржарылқаған
Егер біреу сені көптен бері шын сүйсе, махаббатты ойын көрмесе, онда сені Тәңір жарылқағаны.
- Ол ауырта ма? – деп сұрады Қоян.
- Кейде ауыртады, - деді Былғары Жылқы, ол әрқашан тек шындықты айтатын. – Алайда сен Тәңірдің өзі жарылқаған адам болған соң ауыртатыны туралы ойламайсың да.
- Сонда қалай? Бірден шықыр-шықыр еткізіп – кілтті салып, оталдырғандай ма, - деп сұрады Қоян, - әлде ақырындап па?
- Шықыр-шықыр етпейді, - деп жауап қатты Былғары Жылқы. – Сен бола бастадың ғой, ал бұл түүүүү ұзаққа созылады. Болмай қалуы да әбден мүмкін. Егер сені сындыра салу оңай болса, барлық жағыңнан түрпідей тікірейіп жүрсең, егер сенімен өте абайлап әңгімелесу қажет болса...онда жағдай қиын...
Өзгенің тауқыметінен аулақ қашатын, өзіне ешкімді жолатпайтындар бұл ғажапты бастан кешуі сирек. Сен Тәңіржарылқаған болғанша талай жеріңнің терісі қажалып, көзің жіпке ілініп, тыртығыңнан мақтаң салақтап, жүнің түлегеннен түте-түтесі шығып, алба-жұлба боларсың. Бірақ мұндай істе оның бәрі маңызды емес. Сен Тәңіржарылқаған болғанда түк түсінбейтін жетесіздерге ғана сиықсыз болып көрінесің.
М. Уильямс
Аударған Шынар Әбілдә