Сән-салтанатты өмір
Сән-салтанат – бұл қымбат опа-далап, мейрамхана, не бізөкше емес. Нағыз сән-салтанат – өзіңе ұнайтындай өмір сүру. Ыңғайлы бәтіңке кию. Қандай түсті далап ұнаса, соны жағу, не мүлде жақпау. Ұнайтын тамақты ішу, жаныңа жағатын адаммен достасу, бұл менің міндетім демей, бір-бірімен шын сүйген соң болу.
Сән-салтанатты өмір – «сен бұған лайықсың» дегендік емес. Бұл зат саған лайық деген сөз. Сіңлің сыйлаған шыныаяқ. Ұйықтауға ыңғайлы әкеңнің футболкасы. Анаңның рецепті бойынша пісірген торт. Сүйіктіңнің өпкені. Қызық кітаптар. Жақсы кино. Ойдан шықпайтын әндер. Таза сейсеп. Өзің таңдаған өмір.
Сән-салтанаты келіскен өмір деген – бірдеңе дұрыс болмай жатқанда өзіңді жегідей жемеу. Колготки жыртылып қалуы мүмкін. Қамыр ашымай қалуы ықтимал. Достарың саған ұнайтын киноны көргісі келмеуі мүмкін. Сүйіктің тастап кетуі де бек мүмкін. Жұмыста мансабың өспеуі мүмкін. Кез келген нәрсе болуы мүмкін. Егер қолыңнан бірдеңе келмей жатса, бұл сенің құндылығыңа еш әсер етпейді. Бұл жай ғана бәрі сен қалағандай болмай жатыр дегенді ғана білдіреді.
Сән-салтанатты өмір деген – таңдау мүмкіндігіңнің болуы. Жыртылған колготкиді жамайсың ба, әлде жаңасын аласың ба? Шықпай қалған тортты қайтадан пісіріп көру, не сушиге тапсырыс беру. Фильмді жалғыз көру, не достармен дәмханаға бару. Сүйіктіңді еркіне жібересің бе, әлде күресесің бе? Жаңа жұмыс іздейсің бе, әлде ескі жұмыста қалып жаңа мақсаттарды қарастырасың ба?
Сән-салтанатты өмір деген – өз ережеңе сай өмір сүру. Өз мақсатыңа жету. Ақталмау. Ыңғайлы болмау. Таңдауыңды, арманыңды, қызығушылығыңды ақтамау.
Былай деу: «Маған бұлай жасауға болмайды».
Сосын тағы былай: «Маған осылай етуге рұқсат».
Автор: Елена Пастернак
Аударған Шынар Әбілда