Бір шоқ гүл

Oinet.kz 07-11-2019 1118

бір шоқ гүл.jpg

Баяғыда, күйеуге шықпас бұрын, екеуміздің ортақ үй, көлігіміз болмаған, демалысты қайда өткіземіз деп жоспар құрмаған кезімізде ол маған бір десте гүл әкелді. Кәдімгі қарапайым бір шоқ гүл. Жанармай бекетінен асығыс сатып ала сапты. - Білесің бе, - дедім мен оған мыжылған гүлдерді аялап тұрып, - мен сияқты эзотериктер бір аңызға сенеді, егер жігітің сыйлаған гүл неғұрлым ұзақ тұрса, бұл қарым-қатынас соғұрлым мықты болады екен... Әлгі жігітім күнде кешке келіп, сыйлаған гүлдерін бір иіскеп кетеді. Бұл шоқ гүл үш аптадан аса уақыт тұрды. Содан кейін ол үнемі маған жанармай бекетінен гүл әкеп беретінді шығарды. Солардың бәрі өте көркем, әрі біршама мақтаншақ гүлдер құсап ұзақ тұрып алатын.

Сосын біз демалысты бірге өткізетін болдық. Мен жүкті болдым, қызымыз дүниеге келді. Үлкен үй сатып алдық. Сол кезде ол маған бар құпиясын ашты. Сол ұзақ уақыт солмайтын гүлдерден соң екеумізді тағдыр қосқанын түсініпті. Сол гүлдерден кейін жас айырмашылық та, бала да, өмірге деген әр түрлі көзқарас та, менің жаман мінезім де бізге кедергі болмасын түсінген. Бәрі жақсы болатынын сезіпті.

Мен де құр қалмай, өз құпиямды аштым. Күн сайын жанармай бекетіне барып, жаңа гүл сатып алып, ескісінің орнын ауыстырып отырғанымды мойындадым.

Біз, эзотериктер неге сенсек, сол орындалатынын білеміз!

Аударған Шынар Әбілдә

Балаңызды құшақтаған сайын ол ақылды бола түседі
Он күміс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу