Құдай

Oinet.kz 07-11-2019 1093

сенімм.jpg

☆Сіз кімге сенесіз? Бір Аллаға ғана сенемін, дейтіндер де табылар көптеп. Анама дейді тағы бір парасы. Жолдасыма дейтін азшылық та табылар. Болашаққа деп абстракт ұғыммен өмір сүретіндер де бар. Балаларыма дейді енді бірі балаң сезімнің құшағында. Өзіме ғана сенемін дейтін нақтылықты жақсы көретіндер де бар.

Шынымен де кімге сенесіз? Бір сəт ойланып көріңізші.

☆Көшедегі құмалақшыдан жарнама берген көріпкелдердің бірін қалдырмай аралап, бал аштырып, болашағын болжап, өз өмірін басқаруды əркімнің қолы мен ойына тапсырып, адасып жүретіндер бар. Балшылардың басты құралы - сенімге кіру. Қызық, адам өзіне деген сенімнен айрылғанда ғажайыпқа сенімі ұлғая бастайды. Үнемі бір жақсылықтың болатынына сеніп, өз-өзімен жұмыс істеуді, рухани жетілуді ұмытады. Өзін жоғалтқан адамдардың есебінен нəпақасын табатындар үшін бұл өте қолайлы.

☆Мен де аяғымнан тұрып, ел қатарлы жүруге деген сенімнен айрылған кезде емшілердің алдына талай бардым. Сонда бəрінің айтатыны "сенбесеңіз, келмеңіз". Олардың болжаған нəтижесіне қол жеткізе алмасаңыз "айттым ғой, сіз маған сенбейсіз, сосын ауруыңыздан айықпай жатырсыз" деп сананы иемдену əрекетіне кіріседі. Сіз оған сеніміңізді бергенде үнемі үздіксіз келіп тұратын инвестициясыз. Өзіңіз барғаныңызбен қоймай, туған-туыс, дос-жарандарыңызды ертіп барасыз.

☆Сетевой бизнесте жетістікке жеткен адамдар өте сирек. Бар əрине, олар - өзінен кейінгі инвестор топтың сенімін ұрлағандар. Көшбасшыға сенген кезде оның соңынан байлаулы баспақ сияқты еріп жүре бересіз. Былай қарағанда жүйе өте дұрыс. Бірақ бір-бірінің соңынан ілескен адамдардың бəрі неге негізгі көшбасшының дəрежесіне жете бермейді?

☆Көбіміз Құдай -мешіттің ішінде елес боп жүргендей көреміз. Мешіт -мінəжат етуге арналған орын. Егер мінəжат ету орнын өз ішіңізге көшірсеңіз, қалай болар еді. Құдайға өзіңіз тікелей жол салыңыз. Яғни, өзіңізге сеніңіз. Санаңызды сергек ұстаңыз. Өзіңізге сенсеңіз, ешбір емшінің көмегінсіз ауруыңыздан айығасыз. Өзіңізге сенсеңіз, көшбасшы бола аласыз. Өзіңізге сенсеңіз сізге сенетін адамдар да көп болады.

Шынар Әбілданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Бауыржан Момышұлы берген бата
Адам ішіндегі құбыжық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу