Бүгінгі істі ертеңге қалдырып өкінген ұл

Oinet.kz 13-10-2019 1058

Screenshot_4.jpg

-Мам, еденді шиқылдатып жүре бермеші, ұйықтай алар емеспін!

-Онда еденді жөндесеңші! Әкеңе де айтып едім, ол да қозғалмады...

-Жарайды, жарайды. Ертең жөндеймін. Тек жатшы.

ТАҢ АТТЫ.

-Балам, түнде не деп уәде бердің?

-Жерге төсейтін ағаш керек қой? Ертең Сержанға айтып, соның көлігімен алып келермін. Рас айтам.

ЕРТЕСІ.

-Мам, мен қонаққа баратын ем, келесі апта міндетті түрде жөндеймін. Келістік пе?

Бір АПТА өтті.

-Балам, мен ағаштарды алып қойдым, сарайда тұр. Өтінем, еденді жөндеші.

-Сатып алдың ба? Жеткізгені үшін де төлеген шығарсың! Шығынданып...

-Бәрібір емес пе? Бастысы...

-Айтып ем ғой, Сержан екеуміз әкеліп жөндейміз деп! Қартайғанда адамның бала сияқты боп кететіні рас екен-ау!

ЕКІ ЖЫЛ өтті.

-Мам, түннің бір уағына дейін не істеп жүрсің? Жатсаңшы. Еденнің дыбысынан бала оянатын болды ғой!

-...

5 жылдан кейін анасы өмірден өтеді.

Ата-анадан ұлға мұраға қара шаңырақ қалды. Үй құжатының бірінші бетіне анасы:

"Балам, еденді ауыстыршы" деп xат жазып қалдырыпты.

Ұлы анасының жазуына қарап көзіне жас алды, сөйтті де соңғы өтінішін орындауға уәде етті.

Арада 20 ЖЫЛ өтті.

-Жаным, әке-шешеңнен қалған зәулім үй керемет, сөз жоқ оған. Бірақ үй ескірді. Мына еденнің дыбысы тіпті ұйқы берер емес. Бәлкім еденді ауыстырармыз?-деді əйелі..

-Әке, ағаш алу керек қой? Мен ертең әкелейін,-деді ұлы ілесе..

-Керек емес. Әжең неше жыл бұрын әкеп қойған... Одан бері 30 жылдай өтті-ау. Со күйі қозғалмай тұр, жүрші, дәл қазір кірісейік. Әйтпесе қалып қояр.

Әкесі мен ұлы құралдарын алып, ескі ағаш еденді ауыстыра бастады.

-Мәссаған! Әке, мынаны қара!-деп ұлы еден астынан қоңыр сөмке тауып шықты.

Үйдегілер үлкен ұлдың жанына жиналып, сөмкені ашқанша тағатсызданды.Қызық қой енді не бары ішінде.

Әкесі замогын ашып қалып еді, ішіндегі пәшкі-пәшкі сарғайған ескі ақша сыртқа шашылды да қалды. Үстіне біреу мұздай су құйып жібергендей, денесі тітіркенді, біресе терледі... Ал сөмке түбінде xат жатты. Анасының жзуын бірден таныды.

Хатта:

"Балам, ағам екі жыл бұрын қайтқанда маған үйін тастап кеткен. Мен сатып, ақшасын саған және ұрпағыңа мұра етемін!

Сөзімді екі етпей еденді жөндегеніңе раxмет, ұлым!

Енді жап-жаңа үй алып, аяғыңа тұра аласың! Сені жақсы көрем! Сәлеммен: анаң",-депті xатында.

Өкініштен өзегі өртенген әкесі анасының xатын қайта-қайта оқиды... Ал жанында жарамсыз ескі ақшалар шашылып жатты.

​Мешкей деген ат жақсы емес
Қазақты орыстандырудың ең оңай жолы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу