Kolesa.kz сайтына жалған хабарлама беріп 8 миллион теңгесін жасап алған

Oinet.kz 10-10-2019 954

Картинки по запросу жалған хабарлама

Kolesa.kz интернет-сайтына жалған хабарландыру орналастырып, екі азаматтың 8 млн теңгесін иемденген алаяқ сотталды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Д есімді азамат 2018 жылы кolesa.kz интернет-сайты арқылы нарықтағыдан арзан бағамен премиум-санаттағы көліктерді сататыны туралы хабарландыру орналастырған. 

Биыл сәуір айында 2012 жылы шыққан «Toyota Land Cruiser» көлігін 8 млн теңгеге сатып алғысы келген елорда тұрғынын алдап соққан. Ол іс жүзінде жоқ автомобильді мемлекеттік мекемеден сатып алу қажеттігін айтып, одан 4 млн теңге алған.

Және биылғы маусым айында сайттағы хабарландыру бойынша 2014 жылы шыққан «Nissan Patrol»-ды 7,5 млн теңгеге сатып алмақ болған тағы бір азаматты сан соқтырған. Оның 4 млн теңгесін иемденіп, өз міндеттемелерін орындамаған.

«Нұр-Сұлтан қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен азамат Д. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ соттың осы үкімімен зардап шеккендердің әрқайсысының пайдасына 4 млн теңге өндіріп алынды. Үкім заңды күшіне енді», - деді соттан келген хабарламада.

Қырғыз Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті
Қытайда әлемдегі ең биік сегізінші мұнара ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу