Елордалықтар қоғамдық көлікте жол ақысын банк карточкасымен төлей алатын болды

Oinet.kz 09-10-2019 955

Картинки по запросу Виза картаНұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердегі жолақыны Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгізді. Бұл туралы Astana LRT өзінің Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды OINET.KZ.

«Біз 20-бағдарда жолақысын Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгіздік. Бұл астаналық қоғамдық көліктің тұрақты пайдаланушылары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар үшін де қолайлы, өйткені көлік картасын сатып алу қажеттілігін болдырмайды, туристерге олар үшін әдеттегі халықаралық карталардың көмегімен төлеу мүмкіндігін береді», - делінген компанияның facebook-тегі парақшасында.

Бұл жоба әзірге тестілік режимде іске асырылды және қоғамдық көліктің №20 қалалық бағдарында жұмыс істейтін болады.

«Банк картасымен төлеу кезіндегі сапардың құны қолма-қол ақшасыз төлеудің басқа тәсілдері кездегідей – 90 теңгені құрайды. Комиссия алынбайды. Алайда Visa картасын пайдаланушылар үшін акция басталды. Банк картасымен төлеген кезде бір сапардың құны небәрі 45 теңгені құрайтын болады», - дейді Astana LRT.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Менің аяғымнан шалды»
Қарағандыда жолаушылар автобусына оқ жаудырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу