Павлодарда туберкулезге шалдыққан қылмыскерлер түрмесінің ғимараты 122,5 миллионға сатылады

Oinet.kz 04-10-2019 973

Картинки по запросу түрме

2014 жылдан бері қаңырап бос тұрған түзету мекемесі жазасын өтеушілердің аздығынан жабылып қалған. Қазіргі таңда ол нысан 122 жарым миллионға аукционға қойылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Мұнда туберкулезге шалдыққан  қылмыскерлер жазасын өтепті. Бұған дейін түрмеде 124 сотталушы болған. Оның барлығы басқа абықтыларға жіберілген. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, аукцион 15 қазанда электронды түрде жүргізіледі.  Қамау мекемесі 24 нысаннан құралған. Оның ішінде жатақхана, асхана, әкімшілік корпустармен қатар қоймалар да бар.  Жалпы аумағы 10 мың шаршы метр.

«Егер бұл күні сатылмаса, 20 жұмыс күннен кейін бағаны төмендету әдісімен жүргізіледі сауда саттық. Яғни, мұнда баға 50 пайызға дейін төмендеу мүмкін. Егер, сол кезде де сатылмаса, онда үшінші рет бағаны төмендету әдісімен қойылады. Онда ең төменгі баға белгіленбейді», - дейді облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы Ләззат Естаева.

image.png

Қазақстанда тұрғын үйлер қымбаттады
Қазақстанда «Әлем мұғалімі» атты байқау өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу