Қазақстанда «Әлем мұғалімі» атты байқау өтіп жатыр

Oinet.kz 04-10-2019 1184

image.png

Қазақстандық ұстаздар «Әлем мұғалімі» байқауына алғаш рет қатысып отыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық ұстаздардың байқауда бақ сынауына әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының төрайымы Әлия Назарбаева мен "Варка" қорының "Әлем мұғалімі" Халықаралық байқауын ұйымдастырушылары арасындағы еікжақты ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде қол жеткен."Әлем мұғалімі" сыйлығы - бұл ұстаздарға арналған Нобель сыйлығы.

«Әлем мұғалімі» ғаламдық сыйлығына үміткерлерді марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтті. Еліміздегі сайыстың ақтық сынына республикамыздың әр өңірінен 11 мұғалім іріктеліп алынған болатын. Ендігі кезекте олар үстіміздегі жылдың желтоқсан айында халықаралық сарапшылар кеңесінің іріктеуінен өтпек. Нәтижесінде бір ғана мұғалім таңдалып алынып, әлемнің 50 елінен келетін үздік ұстаздармен сынға түсіп, ел намысын қорғайды

"Мен бұл әлемдік байқауға қатысуға 2018 жылдың қазан айынан бастап дайындалдым. Отандық білім саласының өзге елдерден еш кем емес екенін сенімді түрде айта аламын. Әлемдік сайыстың әр кезеңіне мұқият дайындалып, олардың тарапынан берілген әрбір тапсырманы тиянақты орындадым. Бұл істе өзім еңбек ететін мектеп ұжымы, оқушыларым атсалысты. Шараға қатысуды мен үшін педагогтік қызметімнің жаңа бір белесі деп түсінемін. "Болашақ" бағдарламасының түлегі ретінде біз өз Отанымыздың өркендеп, дамуына үлес қосуымыз керек. Маған осындай мүмкіндік тудырып отырған ұйымдастырушы қор мен еліміздің Білім және ғылым министрлігіне алғысым шексіз. Өз жетістіктерімнің барлығы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-да құрылған тиімді басқару мен қалыптасқан менеджменттің арқасында деп білемін", – дейді Асхат Жұмабекұлы.

image.png

Павлодарда туберкулезге шалдыққан қылмыскерлер түрмесінің ғимараты 122,5 миллионға сатылады
Лотореядан үнемі қомақты қаржы ұтып алатын әйел құпиясымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу