Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Сыбайлас жемқорлық – экономикалық дамуды тежеп, билік пен бұқара арасындағы сенімді сетінететін әлеуметтік құбылыс. Оның қоғамда белең алуы кез-келген мемлекеттің бәсекелестік қабілетін төмендетіп, ел болашағының жарқын болуына кері әсерін тигізеді.
Сондықтан, бүгінгі күні еліміз кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептерді анықтауды және оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасап отыр.
Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы облысқа қарасты Сарыағаш ауданына арнайы барып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиынның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Түсіндіру шаралары барысында Гүлмира Төлегенқызы елдің қоғамдық тыныштығын күзететін полиция қызметкерлеріне қоғамдық дерттің ауыр қылмыс екендігін атап көрсетіп, пара алған және пара берген азаматтарда жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Сондай-ақ, қызмет бабын асыра пайдалана отырып, сыйлық алуға және ұсынуға болмайтындығын алға тартып, халыққа адал қызмет етуге шақырды.
Кездесуде Сарыағаш аудандық орталық мешітінің наиб имамы Азамат Смаилов сөз алып, парақорлық діни тұрғыдан ауыр күнә болып табылатынын тілге тиек етті.
Шара соңында жиынға қатысушыларға арнайы әзірленген Агенттіктің жаңа имиджі туралы ақпараттық кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.