Қостанайлық футбол қақпашысы рекорд жасады

Oinet.kz 02-10-2019 1031

Картинки по запросу тобыл футбол командасы«Тобыл» футбол командасының мүшесі Эмиль Балаев өз қақпасына 699 минут бойы гол жібермеген. Бұл 2019 жылғы футбол маусымының жаңа рекорды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Эмиль Балаев осы маусымдағы өзінің рекордын қайта жаңартты. Бұған дейін оның көрсеткіші 683 минут болған. Егер ол алдағы матчта 14 минут қақпасын «аман» ұстаса, ел біріншілігі тарихындағы үздік 5 қақпашының қатарына енеді», - деді клубтың баспасөз қызметіндегілер.

Балаевтан кейінгі сатыда «Жетісу» ойыншысы Алмат Бекбаев тұр. Ол 172 минут бойы қақпасына гол дарытпады. Үздік үштікті «Тобылдың» тағы бір қақпашысы Жасур Нәрзіқұлов түйіндеп тұр.

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында смартфон ұстағаны дұрыс па?
Ресейліктер қазақтардың банк шотынан қыруар қаржы жымқырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу